Ван И: Қытай мен Орталық Азияның бес елі арасындағы қарым-қатынас орда бұзар отызға келді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 наурыз

8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 наурыз түстен кейін Мемлекеттік XIII халық құрылтайының бесінші сессиясының тиісті баспасөз мәслихатында, Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И «Қытайдың сыртқы саясаты мен сыртқы қатынастарына» қатысты мәселелер бойынша қытайлық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ван И биыл Қытайдың Орталық Азиямен қарым-қатынасы айтарлықтай және қуанышты оқиғаларға толы болғанын айтты. Төраға Си Цзиньпин жыл басында бес елдің мемлекет басшыларымен екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын атап өту үшін бейне саммит өткізді. Одан кейін бес елдің мемлекет басшылары Бейжіңге «Қысқы Олимпиадаға» жиналды.

Қытай үнемі даму үстіндегі гүлденген, тұрақты және серпінді Орталық Азия Қытай мен аймақ елдерінің ортақ мүдделеріне үйлеседі деп санайды. «Біз өзара сыйластық, тату көршілік пен достық, бір кемеде болу, өзара тиімділікпен тең ұтысқа жету төрт принципін ұстанып, бай мазмұнды, жемісті нәтижелер мен мәңгілік достыққа ие стратегиялық серіктестік құру үшін бірге жұмыс жасаймыз және <Тағдыры ортақ Қытай - Орталық Азия қауымдастығы> құрылысын одан әрі ілгерілетеміз».

Ван И Қытай мен Орталық Азиядағы бес ел арасындағы қарым-қатынастың уақыты орда бұзар отыз жасқа жеткенін, бұл қарқынды дамудың айқын келешегі бар екенін білдірді. Қытай бес елмен екі тарап арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған саммиттің нәтижелерін тиімді жүзеге асыруға, «Қытай + Орталық Азияның бес елі» ынтымақтастық механизмін нығайтуға, эпидемиямен күрес, өндірістік қуат, энергетика, ауыл шаруашылығы, гуманитарлық ғылымдар, цифрлық экономика, жасыл даму және т.б. саладағы ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдетуге дайын. Негізгі тараптардың мүдделі мәселелері бойынша бір-бірін нық қолдап, «Тағдыры ортақ Қытай - Орталық Азия қауымдастығын» құрады және екі жақты қарым-қатынастың келесі 30 жылдық шұғылалы кезеңін бастайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото