Си Цзиньпин: Әскерді заң бойынша басқару стратегиясын жүзеге асыруға және ұлттық қорғаныс пен әскери құрылыстағы заңдылық деңгейін арттыруға баса назар аударайық

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 наурыз

8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 наурыз күні, түстен кейін ҚКП орталық комитетінің бас хатшысы, мемлекет Төрағасы және орталық әскери комитеттің Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік XIII Халық Құрылтайының бесінші сессиясындағы Халық азаттық әскері мен қарулы полиция делегациясының жалпы отырысына қатысқан кезде, әскерді заң бойынша басқару ҚКП орталық комитетінің әскерді құру мен басқаруының негізгі жолы болып табылатынын, бұл партияның жаңа дәуірде әскерді күшейту мақсатын жүзеге асырудың бір-тұтас талабы екенін атап көрсетті. Әскерді заңмен басқару стратегиясын жүзеге асырып, ел қорғанысы мен әскери құрылыстағы заңдылық деңгейін жоғарылатып, әскерді нығайту ісін ілгерілетуге берік құқықтық кепілдік беру қажеттігін баса айтты.

Отырыста алты өкіл сөз сөйлеп, әскери заңнамалар жүйесін жетілдіру, әскери қайшылықтарға құқықтық дайындықты күшейту, әскери қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіп бойынша қорғау, ұлттық қорғаныс ғылымы мен технологиясының инновациясын жеделдету, ұлттық қорғаныс жұмылдыруының инновациялық дамуына жәрдемдесу мәселелері бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото