Биыл «Әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы» заң қайта қаралады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 наурыз

8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 8 наурыз күні таңғы сағат 9-да мемлекеттік XIII Халық Құрылтайының бесінші сессиясы халық құрылтайы сарайында екінші жалпы отырысын өткізді.

Мемлекеттік XIII Халық Құрылтайы тұрақты комитетінің жұмыс есебінде жыл сайынғы заң шығару жоспарына сәйкес, биылғы жылы әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау заңы қайта қаралады. Сондай-ақ баяндамада 2021 жылы алғаш рет «Әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы» Заңды қайта қарау жобасы әзірленгені және қаралғаны, әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың өзекті мәселелері бойынша терең зерттеулер жүргізіліп, қандай да заңсыздықтардың алдын алу, құқық бұзушылықтарды бір жақты ету, құқықтық көмек көрсету және жауапкершілікті арттыру бойынша тиісті ережелердің жетілдірілгені айтылды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото