Украинадағы қытайлық студенттерді эвакуациялау жүйелі әрі қауіпсіз

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 наурыз

9 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Украинадағы Қытай елшілігінің баспасөз хатшысы Дин Цзянвэй жақында Украинадағы қытайлық студенттерді эвакуациялаудың жалпы тәртібінің орныққанын және қауіпсіз екенін мәлімдеді.

Дин Цзянвэй Украинадағы жағдай күрт ушыққаннан кейін, Украинадағы елшілік пен Одессадағы бас консулдық шұғыл түрде қытайлық студенттерді эвакуациялауға кіріскенін айтты. Украинада оқитын қытайлық студенттердің саны салыстырмалы түрде көп, эвакуация жағдайлары күрделі және уақыт өте тығыз. Осындай қиын-қыстау кезде, Елшілік тәртіпті отандастарымызды қауіпсіз эвакуациялау үшін бар күшін салды.

Дин Цзянвэй Украина тарабы біздің Харьковтағы студенттерімізге арнайы эвакуациялық пойыз ашып, қиындықта қалған қытайлық студенттерді құтқару үшін белсенді әрі тиімді көмек көрсеткенін айтты. Қытайдың Украинадағы елшілігі мен консулдығы Украинадағы басқа қытайлық студенттердің қауіп-қатерсіз елдеріне оралуы үшін бар күштерін салып әрекет етуде. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото