Жолбарыстар ауылға, пілдер солтүстікке келіп, Қытайдың жабайы жануарлары неліктен қыдырмашы болып кетті?

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 наурыз

9 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Өткен жылы желі қолданушыларының назарын жолбарыстан басқа, түрлі жабайы жануарлар да өздеріне аударды. Оның ішінде оңтүстіктен солтүстікке «саяхаттаған» Юньнань пілдері, егіндікке дейін келген жабайы шошқалар, саны көбейген тибет бөкендері және Бейжің жабайы хайуанаттар бағындағы «адамдар төбелесін сахналаған» жануарлар бар.

Неліктен Қытайдағы жабайы жануарлар белсенді болып кетті?

Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі ұлттық комитетінің мүшесі, Қытай орман шаруашылығы ғылымдары академиясының бас сарапшысы Ян Чжунци бірнеше күн бұрын Қытай ақпарат агенттігіндегі екі сессия төте бағдарламасында былай деді: жабайы жануарлардың белсенді болу себебі, олардың тіршілік ортасы айтарлықтай жақсарды.

Сібір жолбарысын мысал ете отырып, Ян Чжунци соңғы жылдары табиғи орман қорғау жобаларының жүзеге асуымен Қытайдың әртүрлі аймақтарындағы орман экожүйелері бірте-бірте қалпына келіп, биологиялық түрлену артып, жолбарыстардың азығы молая түскенін айтты. Ресейдегі Сібірге кеткен жолбарысы қайтадан келіп Қытайдың солтүстік-шығысын мекендеп жүр.

2017 жылы Қытай Сібір жолбарысы мен барысы ұлттық паркінің пилоттық жүйесін іске қосты. Содан кейін 14 000 шаршы шақырымды құрайтын, Цзилинь мен Хэйлунцзян өлкесін алып жатқан Сібір жолбарысы мен барысы ұлттық саябағы салынды.

Төрт жылдың ішінде ұлттық саябақта жабайы сібір жолбарыстары мен сібір барыстарының саны қарқынды өсті. Соңғы деректерге сәйкес, жолбарыс пен барыстың саны 2015 жылы 27 және 42 болса, қазір 50 және 60-тан жоғары.

Сонымен қатар, өткен жылы Юньнан пілдерінің оңтүстіктен солтүстікке жасаған сапарлары да халықтың назарын аударды.

Мемлекеттік орман шаруашылығы және шабындық басқармасы Азия пілдерін зерттеу орталығының директоры Чень Фэй Қытай ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында пілдер тобының солтүстікке келіп, қайтадан аман-есен оңтүстікке оралуы жол бойындағы адамдардың пілдерге деген қамқорлығын көрсетіп береді.

Чень Фэй қазіргі уақытта әлемде азия пілдерінің саны азайып бара жатқанын, ал Қытайда бұл көрсеткіштің керісінше екенін айтты. Қытайда олардың саны 1970 жылдардағы шамамен 150-ден өсіп, бүгінде 300-ге жеткен. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото