Шың басындағы ауыл өзгерісінің көріністері

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 наурыз

9 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 6 наурызда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі XIII Ұлттық комитетінің бесінші сессиясына қатысқан ауыл шаруашылығы, әлеуметтік жеңілдік және әлеуметтік қамсыздандыру салаларының өкілдеріне амандаса барып, ортақ топ отырысына қатысып, өкілдердің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Отырыста Сычуандық өкіл Еши Дава Бас хатшы Си Цзиньпинге Сычуаньдағы «Шың басындағы ауыл» атанған Атульер ауылының екі фотосуретін көрсетті, бірі бұрын ауылда қолданылған ротан баспалдақтары, екіншісі 2017 жылы салынған болат баспалдақ.

«Шың басындағы ауыл» әуелгі атауы Атульер, Клифф ауылы Сычуань өлкесі Ляншань облысының Чжаожуэ ауданынан шығысқа қарай 60 шақырымдай жерде тау басында орналасқан. Тауға қатынайтын жол тік және құлама. 2015 жылы БАҚ өкілдері ауыл тұрғындарының ағаш баспалдақ арқылы тауға шығып-түсетіні туралы хабарлады. Баспалдақ 80 градусқа жақын құлама жартасты жағалай салынған. Күн сайын осы баспалдақпен әсіресе мектепке баратын балалар арлы-берлі сабылады. Бұл жердің «Шың басындағы ауыл» деп аталуының да себебі осы.

«Шың басындағы ауыл» туралы хабар Бас хатшы Си Цзиньпиннің де назарынан тыс қалмады. 2017 жылдың наурыз айында Бас хатшы: «Ауыл тұрғындары мен балалардың жыл бойы құзға баспалдақпен өрмелеп жүргенін көріп, олардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмегенін ойлап, көңілім алаңдап, мазасыздандым», - деген еді.

«Шың басындағы ауыл» көп өзгерді

Кедейшіліктен құтылу және ауылды жандандыру жұмыстарының сәтті аяқталуымен бүгінгі Шың басындағы ауылдың келбеті де өзгерді. Кезіндегі ротан баспалдағымен қазір ешкім де жүрмейді, оның орнын қауіпсіз болат баспалдақпен алмастырды. Ауылдағы көптеген үйлер күрделі жөндеуден өтіп, таудағы әсем табиғатпен үйлесім тапқан.

Шың басындағы ауылдың бұрынғы бірінші хатшысы Пача Юге ауылдың барлық өзгеріс процесіне куә болды. Ол журналистерге бірінші өзгеріс ротанды баспалдақ жолы салыстырмалы түрде қауіпсіз болат баспалдақ жолына айналғанын айтты. Екінші өзгеріс, 2020 жылдың мамыр айында ауылдағы 84 кедей отбасы «кедейшілікті жою мақсатында қоныс аудару» арқылы қалаға көшірілді. Ауылдағы қарттар мен жастар қалаға қоныстанып, медициналық қауіпсіздік пен білім беру ресурстары жақсарды. Үшінші өзгеріс – ауылдағы өнеркәсіптің дамуы. Соңғы жылдары ауылда Панакс ногинсенг, кіндік апельсин, зәйтүн сияқты ауылшаруашылық өнеркәсіптері мен шошқа мен тауық өсіру сияқты бағымшылық кәсіптер пайда болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото