Дарындылар – бірінші ресурс, инновация – бірінші қозғаушы күш

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 наурыз

10 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Үстіміздегі жылы мемлекеттік Халық Құрылтайының өкілі, елге оралған технология кәсіпкері Юань Юйюй кәсіпорынның технологиялық жаңашылдық жүйесіндегі негізгі рөлін жүзеге асыруға жәрдемдесу туралы ұсыныстарын ортаға салды.

Ол журналистерге өзінің 2018 жылғы екі сессияда Бас Хатшы Си Цзиньпинмен болған пікір алмасуын ешқашан ұмытпайтынын айтты. Ол кезде Бас Хатшы Юань Юйюй болған Гуандун делегациясының талқылауына қатысқан болатын.

Юань Юйю өз сөзінде Қытайға оралған соң жоғары технологиялы имплантацияланатын медициналық құрылғы кәсіпорнын құрған тәжірибесімен таныстырып, өнеркәсіптік инновацияларды ілгерілету және дарындыларды дамыту туралы айтқан болатын.

Бас хатшы Си Цзиньпин оның сөзін тыңдап болған соң: «Даму - бірінші міндет, дарынды - бірінші ресурс, ал инновация - бірінші қозғаушы күш. Егер Қытай жаңашыл даму жолына түспесе, ескі және жаңа кинетикалық энергияны біркелкі түрлендіру мүмкін емес, демек шын мәніндегі қуатты ел бола алмаймыз»,-деген болатын.

«Мен 2008 жылы Қытайға оралғанымда, елдегі жоғары сапалы имплантацияланатын медициналық құрылғылар саласы импорттық өнімдермен түгелдей дерлік монополияланған екен. Оқуды бітіргеннен кейін сыныптастарымның көпшілігі шетелде медициналық құрылғылар шығаратын ірі компанияларға кіруді таңдады»,-деді талқылау барысында Юань Юйюй. Бас хатшыға ол шетелде көптеген озық технологияларды оқып, жасап шығарғанын, енді еліне қызмет етіп, өмірдегі мұраттарын жүзеге асыруға үміттенетінін айтты.

Кәсіпкерлік жол жеңіл болған жоқ. Юань Юйю орташа жасы 25-ке жетпейтін топты бастап, негізгі проблемаларды шешуге жан сала кірісті. Алғашқы кезде қызметкерлердің айлығын төлей алмай қала жаздаған сәттері де болды. Бақытына орай, үкіметтің технологияға негізделген шағын және орта кәсіпорындарды қолдау саясаты жүйесі қиындықтарды жеңуге көмектесті.

Бүгінгі таңда, он жылдан астам дамудан кейін, Юань Юйюй командасы әзірлеген жоғары сапалы медициналық құрылғы өнімдері мен жабдықтары шетелдік технологияның монополиясын бұзып, әлемнің 70-тен астам елдері мен аймақтарына сатылады.

"Қытайға оралып дамығысы келетін сыныптастарым мен достарым көбейіп келеді. Бұл біздің жаңашыл кәсіпкерлер үшін келешегі зор дәуір!",- дейді Юань Юйюй.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото