Әлемде алғаш рет ағзасына шошқаның жүрегін көшірткен науқас қайтыс болды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 наурыз
Әлемде алғаш рет ағзасына шошқаның жүрегін көшірткен науқас қайтыс болды

10 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, екі ай бұрын Мэриленд университеті жүрек ауруына шалдыққан науқастың ағзасына шошқаның жүрегін сәтті ауыстырды. Бұл әлемдегі шошқаның жүрегін адамға салған алғашқы ота болып табылады. Алайда жергілікті уақыт бойынша 9 наурызда Мэриленд университетінің медициналық орталығы науқастың қайтыс болғанын хабарлады. Дәрігерлер 57 жастағы науқас өлімінің нақты себебін айтпады, тек оның жағдайы соңғы бірнеше күнде нашарлап кеткенін жеткізді.

Мәліметтерге сәйкес, науқасқа салынған жүрек салмағы 109 килограмм болатын генетикалық түрлендірілген 1 жастағы шошқадан алынған. Жүректі алудан бұрын бұл шошқаны ағза трансплантациясына сәйкес азықтандырып отырған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото