ҚХР Премьер-министрі биылғы жылдың ЖІӨ өсімін 5,5% шамасында болатындығын айтты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 наурыз
ҚХР Премьер-министрі биылғы жылдың ЖІӨ өсімін 5,5% шамасында болатындығын айтты

11 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 11 наурыз күні таңертең ҚХР Мемлекеттік XIII Халық Құрылтайы жиналысының бесінші сессиясы жабылғаннан кейін Премьер-министр Ли Кэцян баспасөз мәслихатына қатысып, қытайлық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сонда Ли Кэцян 5,5 пайыз шамасында күтілетін экономикалық өсу қарқыны туралы айта келе, өткен жылы Қытайдың жалпы экономикалық көлемі 110 триллион юаньға жеткендігін және өсімнің жоғары негізде жалғасып отырғанын мәлімдеді. Ол тағы да Қытайдың макросаясаты нақты ұлттық ахуалға негізделіп жасалғанын айтты.

Ли Кэцян: «Биыл әртүрлі күрделі жағдайлар орын алып, кездейсоқ факторлар көбейіп кетті. Осындай кезде 5,5 пайыздық көрсеткіш орташа дамыған елдердің өсім деңгейіне тең келеді. Бұл бейне тауға шыққанға ұқсайды. Егер сіз биіктігі 1000 метрлік тауға шығуды көздеп, оның тек 10%-ына ғана өрмелегіңіз келсе, онда сізге 100 метр жеткілікті;Егер сіз 3000 метрлік тауға шығып, 5% көтерілгіңіз келсе, онда сізге 150 метр де қанағат. Алайда шарт-жағдайы да өзгереді: ауа қысымы төмендеп, оттегі азайып, жылылықты сезінесіз. Осы кезде нағыз ауырлықтың салмағы басым болады», - деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото