ҚХР Премьер-министрі Ли Кэцян Украинадағы жағдай туралы: Шиеленістің өршуіне жол бермеу керек деді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 наурыз
ҚХР Премьер-министрі Ли Кэцян Украинадағы жағдай туралы: Шиеленістің өршуіне жол бермеу керек деді

11 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 11 наурыз күні таңертең ҚХР Мемлекеттік XIII Халық Құрылтайы жиналысының бесінші сессиясы жабылғаннан кейін премьер-министр Ли Кэцян баспасөз мәслихатына қатысып, қытайлық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ол сол кезде «Қытай әрқашан тәуелсіз бейбіт сыртқы саясатты ұстанды. Украинадағы жағдайға қатысты Қытай барлық елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуді, БҰҰ жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын сақтауды және барлық елдердің заңды қауіпсіздік мәселелеріне де назар аудару керектігін алға тартады. Осыған сүйене отырып, Қытай өз үкімін шығарады және халықаралық қауымдастықпен бейбітшілікке оралу үшін белсенді рөл атқаруға дайын»-,деді.

Ли Кэцян Украинадағы қазіргі жағдай шынымен де алаңдатарлық екенін және біз Ресей мен Украина қиындықтарды шешіп, келіссөздер жүргізіп, бейбіт нәтижеге қол жеткізу үшін бар күшімізді салуымыз керек екенін жеткізді. Біз бейбітшілікке пайдалы және дағдарыcты шешетін барлық күш-жігерді қолдаймыз және ынталандырамыз.

Ли Кэцян қазіргі басты міндет шиеленістің ушығуына немесе тіпті бақылаудан шығып кетуіне жол бермеу екенін және халықаралық қауымдастық пен барлық тараптардың ортақ келісімі бар екенін айтты. Қытай ауқымды гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін барынша ұстамды болуға шақырады. Қытай Украинадағы жағдайды, әсіресе гуманитарлық жағдайды шешуге қатысты ұсыныстарын алға қойды, ал Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырады.

Ол сөз соңында қазірдің өзінде әлемдік экономиканың індеттің әсерінен үлкен зардап шеккенін, тиісті санкциялар әлемдік экономиканың қалпына келуіне әсер етіп, барлық тараптарға зиянын тигізетінін айтты. Қытай әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және даму мен өркендеу үшін өзінің сындарлы күш-жігерін жұмсауға дайын екенін жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото