Ли Кэцян эпидемия кезіндегі бизнес алмасулар туралы: біртіндеп логистика мен адамдар ағынын тәртіпті және біркелкі ететін боламыз

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 наурыз

11 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 11 наурыз күні таңертең Мемлекеттік XIII Халық Құрылтайы жиналысының бесінші сессиясы жабылғаннан кейін, Премьер-министр Ли Кэцян баспасөз мәслихатына қатысып, қытайлық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ли Кэцян Қытайдың індеттің алдын алу мен бақылауды экономикалық және әлеуметтік дамумен үйлестіріп, халықаралық алмасу мен ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып келе жатқанын атап көрсетті. «Адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, қалыпты өндірістік және тұрмыстық тәртіпті қамтамасыз ету, өнеркәсіптік жүйе мен жеткізу тізбегінің қауіпсіздігі үшін індет жағдайының өзгеруіне және вирустың ерекшеліктеріне сәйкес алдын алу мен бақылауды ғылымиландырып әрі қолданылатын шараларды нақтырақ ететін боламыз»,-деді Премьер-министр.

Ли Кэцян індет басталғаннан бері халықаралық ұйымдардың басшыларымен және трансұлттық компаниялардың кәсіпкерлерімен көптеген диалогтар жүргізді. Ли Кэцян олардың бәрі қажетті бизнес алмасуды қамтамасыз етуді қалайтынын айтты.

«Біз кейбір негізгі буындардағы кәсіпорындар мен жобалардың қалыпты өндірісі мен жұмысын қамтамасыз ету үшін шапшаң өткелдер мен жасыл дәліздерді аштық. Бұдан әрі тәжірибе жинақтауды жалғастырамыз, ықтимал өзгерістерге дер кезінде жауап береміз және логистика мен адамдардың ағынын біртіндеп біркелкі және тәртіптік қалыпқа келтіреміз»,-деді Ли Кэцян.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото