Ли Кэцян: Ел тұрғындарының кірісі мен жалпы ішкі өнімнің өсуі негізінен теңдеседі

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 наурыз

11 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 11 наурыз күні таңертең Мемлекеттік XIII Халық Құрылтайы жиналысының бесінші сессиясы жабылғаннан кейін, Премьер-министр Ли Кэцян баспасөз мәслихатына қатысып, қытайлық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Премьер-министр Ли Кэцян соңғы жылдары Қытай тұрғындарының кірісі мен жалпы ішкі өнімінің өсуі негізінен үндесті деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қытай әлі де дамып келе жатқан ел, Қытайдағы қала мен ауыл арасындағы алшақтық айқын, әлеуметтік қызметтерді теңестіру ұзақ мерзімді процесс.

«Үкімет қолдан келгеннің бәрін жасап, бар құлшынысымен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету және жақсарту мақсатында экономиканы дамытып келеді», - деді. Премьер-министр үкіметтің міндеті - халықтың проблемаларын шешу және олардың жақсы өмір сүруіне мүмкіндік беру екенін баса айтты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото