Ли Кэцян: Жұмыспен қамту күнкөріс мәселесі ғана емес, сонымен бірге даму мәселесі

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 наурыз

11 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 11 наурыз күні таңертең Мемлекеттік XIII Халық Құрылтайы жиналысының бесінші сессиясы жабылғаннан кейін, Премьер-министр Ли Кэцян баспасөз мәслихатына қатысып, қытайлық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Премьер-министр баспасөз мәслихатында: «Жұмыспен қамту күнкөріс мәселесі ғана емес, сонымен бірге даму мәселесі. Жұмыс бар болса табыс та болады, өмір сүруге ұмтылыс та болады, сонымен қатар қоғам дәулетті болады»,-деді.

Ол былай деді: «Мен көктем мерекесі қарсаңында солтүстік-батыстағы ауылдарға бардым. Сонда бір фермер маған оның бір баласы университеттегі оқуы үшін жылына 10 000 юань, ал екіншісі орта мектепке 8 000 юаньнан астам қаражат жұмсайтынын айтты. Ол үшін бір гектарға жетпейтін жерде егін салу аздық етеді. Сондықтан қосымша жұмыс істеп табыс табуы керек. Демек, қысқа мерзімді жұмыс істеу (уақытша қара жұмыс) мен жұмысқа орналасу тек халықтың бүгінгі күнкөрісімен ғана байланысты емес. Әлі де көптеген адамдар аянбай еңбек етіп, жұмысқа орналасу арқылы ұрпақтарына кемел келешек жасау үшін талпыныс жасап жатыр».

Ли Кэцян: «Биылғы жылы макросаясатты қолдауды арттырамыз, фискалдық және ақша-несие саясаты жұмыспен қамту мақсатын жүзеге асыру төңірегінде жүргізілуі тиіс. Сондықтан біз жұмыспен қамтудың басымдылығын да макросаясат деп атаймыз, ал басқа саясат жұмыспен қамтуды орындау үшін еңбек етуге құлшынатын болады»,-деді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото