Халықаралық Паралимпиада комитеті Бейжіңдегі Қысқы Паралимпиада ойындарының ұйымдастырылуын жоғары бағалады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 14 наурыз
Халықаралық Паралимпиада комитеті Бейжіңдегі Қысқы Паралимпиада ойындарының ұйымдастырылуын жоғары бағалады

14 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 12 наурыз күнгі өткен Халықаралық Паралимпиада комитетінің баспасөз мәслихатында IPC президенті Эндрю Парсонс 2022 жылғы Бейжің қысқы Паралимпиада ойындары ашылғаннан бергі жағдайға шолу жасап, Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитетіне шараның жұмысы, індеттің алдын алу, қызмет көрсету кепілдігі және басқа да жақтарын жоғары бағалады. Ол: «Бейжіңдегі қысқы паралимпиада ойындарын ұйымдастыру ойдағыдай өтті, Бейжіңдегі қысқы паралимпиада ойындары жарыс деңгейін жаңа белеске көтерді»,-деді.

Эндрю Парсонс Бейжіңдегі қысқы Паралимпиада ойындарының індеттің алдын алу шараларын жабық циклде басқаруға қосқан үлесін бағалап, «эпидемияның алдын алу жөніндегі нұсқаулықты жауапкершілікпен орындап, баршаңыздың белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Көпшілік ойынның қауіпсіз және сәтті өтуіне үлес қосты», - деді. Сонымен қатар ол еріктілер тобына да құрмет білдіріп, «олардың күлімдеген жүздері мен кәсіби қызметтері – іс-шараның сәтті өтуінің кепілі болды және барлық жандарға шабыт берді», - деді.

Осы күні Бейжің қысқы Паралимпиада мұрасы туралы БАҚ брифингінде Бейжің қысқы Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті мұра жобасының жетекшісі Лю Синхуа: «Бейжіңдегі қысқы Паралимпиада ойындары ақпарат кедергісіздігі, кедергісіз қала құрылғылары, кедергісіз көлік, әлеуметтік орта және қолжетімді қызмет көрсету сынды салаларда үлкен еңбек жасады. Бұлардың барлығы Бейжің қысқы Паралимпиада ойындарының аса маңызды мұрасы болып қалады. Бейжің қысқы Паралимпиада ойындарын өткізу арқылы, біз қоғамда бөгеліссіз орта құрылысын жеделдетеміз, мүгедектерге қызмет көрсету жүйесін жетілдіреміз. Осылайша мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріс-тұрысы, өмір сүруі, қоғамға емін-еркін араласуы ыңғайлы бола түседі», - деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото