Алғашқы екі айда еліміздің шетелдік капиталды нақты пайдалануы өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 37,9%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 наурыз

15 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 14 наурыз күні Сауда министрлігінен хабарлауынша биылғы жылдың алғашқы екі айында еліміздің шетел капиталын нақты пайдалануы 243 миллиард 700 миллион юань болып, өткен жылдың құсас мезгілімен салыстырғанда 37,9%-ға артқан.

Көптеген салалар бойынша қарайтын болсақ, қызмет көрсету саласында шетел капиталын нақты пайдалану 175,7 миллиард юань болып, өткен жылдың ұқсас мезігілімен салыстырғанда 24%-ға өскен. Жоғары технологиялық өнеркәсіпте шетелдік капиталды нақты пайдалану өткен жылмен салыстырғанда 73,8%-ға өсті, оның ішінде жоғары технологиялық өңдеу өнеркәсібі 69,2%-ға және жоғары технологиялық қызмет көрсету саласы 74,9%-ға өскен. Келу қайнарынан қарайтын болсақ, «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдер мен АСЕАН-дағы елдердің нақты инвестициясы сәйкес мезгілде 27,8% және 25,5%-ға өсті. Өңірлік жақтан алып айтар болсақ, еліміздің шығыс, орталық және батыс аймақтарында шетелдік капиталды нақты пайдалану ұқсас мезгілмен салыстырғанда жеке-жеке 36,6%, 74,9% және 13% өскен.

Соңғы екі жылда эпидемия және жаһандық өнеркәсіп тізбегі мен жеткізу тізбегінің орналасуын теңшеу әсерінен жаһандық трансшекаралық инвестиция айтарлықтай өзгерді, бірақ еліміздің шетелдік капиталды пайдалануы тұрақтылықты сақтап келеді. 2021 жылы ел көлеміндегі шетелдік капиталды нақты пайдалану 1 149 миллиард 360 миллион юань болып, ұқсас мезгілмен салыстырғанда 14,9 пайызға өскен. Биылғы жылдың алғашқы екі айында тұрақты және оң үрдісті сақтай отырып, еліміздің шетелдік инвестициясы бастапқы орнықтылыққа жетті.

Биыл Сауда министрлігі жоғары деңгейдегі ашықтықты одан әрі кеңейтіп, бизнес ортаны оңтайландырады. Бір жағынан қорды тұрақтандыру және оны ұлғайтуға жәрдемдесу, шетел капиталының нарыққа қол жеткізуін жеңілдетуін жалғастыру және инвестиция тарту үшін пилоттық еркін сауда аймақтары мен халықаралық импорт көрмесі сияқты ашық алаңдардың рөлін толық орындау керек; Екінші жағынан, құрылымды оңтайландыру және сапаны жақсарту және озық өндіріске, стратегиялық дамушы салаларға, цифрлық экономикаға, жасыл дамуға және басқа салаларға көбірек шетелдік инвестицияларды тартып бағыттау керек.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото