Тарым мұнай алабының еліміздің орталық және шығыс аймақтарын газбен қамтамасыз ету жиынтық көлемі 300 миллиард текше метрден асты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 наурыз

15 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 14 наурыздағы жағдай бойынша Қытайдың негізгі энергетикалық күре тамыры саналатын «Батыс-Шығыс» газ құбыры жобасы арқылы Шыңжаңның оңтүстігіндегі мұнай кен орны PetroChina тарым мұнай алабы еліміздің орталық және шығыс аймақтарына 300 миллиард текше метрден астам газ жеткізді. Бұл 2021 жылы елдің жалпы табиғи газ өндіру көлемінің 1,5% мөлшеріне тең. Әсіресе өткен қыстан бергі жылумен қамту кезеңінде Тарым мұнай кәсіпорнында табиғи газдың тәуліктік өндірісі 100 миллион текше метр жоғары деңгейді сақтап, бір жылда «Батыс-Шығыс» газ құбыры жобасы 24,9 миллиард текше метрден асып, желі бойындағы тұрғындардың қыстан қысылмай шығуына мүмкіндік берді.

Тарым мұнай кәсіпорнының бағалауынша, 300 миллиард текше метр табиғи газ 400 миллион тонна стандартты көмірмен теңесіп, көмірқышқыл газ қалдықтары 426 миллион тоннаға азайған. Бұл көрсеткіш Бейжің, Шанхай сияқты 15 өлке, автономиялық регион, муниципалитеттер мен 120-дан астам ірі және кіші қалалардың 400 миллионға жуық тұрғындарына пайда әкелді.

1998 жылдың қыркүйегінде Тарым мұнай кәсіпорнында Кела 2 ұңғымасын сынау нәтижесінде жоғары өнімді табиғи газ ағыны алынып, бұл сол кездегі еліміздің ең ірі жоғары сапалы интеграцияланған газ кен орны - Кела 2 газ кен орнының дүниеге келуіне жол ашты. Батыс Қытай дамуының маңызды жобасы – Батыс-Шығыс газ құбырының құрылысына тікелей ықпал етті. 2004 жылдың 1 қазанында «Батыс-Шығыс» газ құбырының жобасы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Осыған орай еліміздің батысы мен шығысын тұтастырып жатқан энергетикалық күре тамыр дүниеге келіп, еліміздің тұтастай «табиғи газ дәуіріне» өтуіне ықпал етті.

2021 жылы мұнай мен газ өндіру баламасы 31,82 миллион тоннаға жетті, оның ішінде табиғи газ өндіру 31,9 миллиард текше метр болып, бес жыл қатарынан миллион тоннадан астам өсімге қол жеткізді.

Бұдан сырт, «Батыс-Шығыс» газ құбырын газбен қамтамасыз етумен бірге, «Батыс газын Батысқа» қолдану арқылы Шыңжаңның, әсіресе оңтүстік Шыңжаң аймағының экономикалық және әлеуметтік дамуын алға жылжыту қарқынды жүзеге асырылуда. PetroChina-ның №1 Шыңжаңға көмек жобасы – оңтүстік Шыңжаң табиғи газы халық игілігі жобасының құбыр желісі 3035 шақырымға ұзартылып, оңтүстік Шыңжаңдағы 5 облыстың 42 аудан-қаласы мен 21 егін және мал шаруашылығы фермасын қамтыды. Газдың жиынтық көлемі 46,3 миллиардтан астам текше метрді құрайды. Ол Тарым ойпатының айналасындағы барлық этностардың халқына «отын мен көмір дәуірінен» «табиғи газ дәуіріне» өтуге мүмкіндік береді. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото