Си Цзиньпин Сердар Бердімұхамедовті Түркіменстан президенті болып сайлануымен құттықтады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 наурыз

16 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 15 наурыз күні, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Сердар Бердімұхамедовке телефон шалып, оны Түркіменстан президенті болып сайлануымен құттықтады.

Си Цзиньпин 30 жылдан бері тәуелсіздік алған Түркіменстанның мемлекеттік құрылысы мен ұлттық жаңғыруы қарқынды дамыды деп атап көрсетті. «Қытай тату көрші және стратегиялық серіктес ретінде бұған шын жүректен қуанады. Мен Қытай-Түркіменстан қарым-қатынасының дамуына үлкен мән беремін және Бердімұхамедовпен президент ретінде жұмыс істеуге, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын жаңа бастау ретінде қабылдап, бұрынғыға мұрагер кейінгіге бұйдагер болып, Қытай-Түркіменстан стратегиялық серіктестігінің жаңа тарауын бірге жазуға дайынмын»,- деді ҚХР Төрағасы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото