Коронавирустық антигенді үйде отырып-ақ анықтайтын 5 жаңа өнім белгілі болды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 наурыз
Коронавирустық антигенді үйде отырып-ақ анықтайтын 5 жаңа өнім белгілі болды

16 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 12 наурызда Мемлекеттік дәрі-дәрмек басқармасы Қытайда коронавирустық антигенді үйде отырып-ақ сынайтын 5 жаңа өнімнің бірінші тобы ресми түрде іске қосылғанын жариялады.

Антигенді анықтау принципі нуклеин қышқылын анықтаудан парықталады. Антигенді анықтау үшін вирус қабатындағы ақуыз фрагменттері пайдаланылады, ал нуклеин қышқылын анықтауда генетикалық материал қолданылады. Сондықтан нуклеин қышқылын анықтау дәлдігі жоғарырақ.

«Коронавирус антигенін анықтаудың қолданбалы бағдарламасына (сынақ)» сәйкес антигеннің оң нәтижелерін ауру жұқтыру мүмкіндігі бар адамдарды ертерек оқшаулап, жедел көмек көрсету үшін пайдалануға болады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото