ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтай құруды ұсынды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 наурыз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық Құрылтай құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз бірліктің бастауы болған дала демократиясының бастауын жалғастыруымыз керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды Ұлттық Құрылтай құруды ұсынамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, жаңа құрылым ұлттық кеңестің қызметін, орталық деңгейде жалғастыратын болады. «Құрылтай- қоғамдық диалогтың біртұтас институтционалдық моделін қалыптастыруға тиіс. Сөйтіп билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналатын болады. Қазіргі қоғамдық кеңестің бәрін өз айналасына топтастырады. Ұлттық құрылтайдың құрамында барлық аймақтың өкілдері болады. Сондай-ақ, оған Парламент бірқатар депутаты, Қазақстан халқы ассамблеясы, азаматтық альянс, қоғамдық кеңес пен ұйымдардың мүшелері, белгілі мемлекет қайраткерлері және тағы басқа кіреді», - дейді ол. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото