Қазақстанда жаңадан Абай, Ұлытау, Жетісу сияқты облыстар құрылатын болды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 наурыз
Қазақстанда жаңадан Абай, Ұлытау, Жетісу сияқты облыстар құрылатын болды

Қазақстанда жаңадан Абай, Ұлытау, Жетісу сияқты облыстар құрылатын болды. Бұл туралы 16 наурыз күні Қазақстанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтты.

«Халықтың қалауын ескеріп, мен бүгін бірқатар бастама көтергелі отырмын. Ең алдымен, Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған»-,деді ҚР Президенті.

ҚР Президенті Ұлытау облысын құру туралы «Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім»-,деді.

«Үшінші мәселе. Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Облыс тұрғындары негізінен қала төңірегіне шоғырланған. Ұзынағаштағы немесе Талғардағы мәселені сонау Талдықорғанда отырып шешу оңай емес. Облыс орталығына бару үшін халықтың алысқа сабылуына тура келеді. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады» -,деді Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото