Қасым-Жомарт Тоқаев: Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға тыйым салынады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 наурыз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында Барлық азаматтарға бірдей мүмкіндік берілетініне Мемлекет басшысы мызғымас кепіл болуға тиіс екенін айтты,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сондықтан Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды иеленуге заң жүзінде тыйым салынады. Мұндай норманы Конституцияға енгізсек те артық болмайды деп санаймын», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото