Си Цзиньпин індеттің алдын алу мен тежеу қызметін қатаң орындауды тапсырды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 наурыз

18 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының Тұрақты комитеті 17 наурызда мәжіліс өткізіп, індет жағдайын талдап, індеттің алдын алу және оны тежеу қызметтерін қатаң және ойдағыдай орындау жөнінде бірқатар тапсырмаларды белгіледі. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин жиналысқа төрағалық етіп, маңызды баяндама жасады.

Төраға Си Цзиньпин табандылық – жеңіс екенін баса айтты. Барлық аймақтар, басқармалар мен әрбір тараптар қазіргі елдің іші-сыртындағы індеттің алдын алу мен күресудің күрделілігін, ауырлығын және қайталану болжамын терең түсініп, әрі қарай жұмылып, ой-пікірлерін ортаға салып, сенімдерін нығайтып, табандылық танытып, індеттің алдын алу жұмыстарын нақты игеру керек.

Төраға Си Цзиньпин былай деп атап көрсетті: «Біз әрқашан халықты, оның өмірін бәрінен жоғары қойып, ғылыми дәлдік пен динамикалық тазартуды ұстанып, індеттің таралуын мүмкіндігінше тезірек тежеуіміз керек. Ғылыми тұрғыда алдын алу мен күресу деңгейін нақты көтеріп, эпидемияға қарсы тұру және тежеу шараларын ұдайы оңтайландырып, вакциналау, шапшаң анықтау реагенттерін әзірлеу және дәрі-дәрмекті зерттеулер мен оларды дайындау сынды ғылыми-техникалық мәселелерді күшейту арқылы індеттің алдын алу және тежеу жұмысын мақсатты түрде арттыру керек. Эпидемияның алдын алу-тежеу мен экономикалық, әлеуметтік дамуды үйлестіру, тиімді шаралар қабылдау, мейілінше аз шығынмен ең үлкен алдын алу және тежеу нәтижесіне жетуге ұмтылу, індеттің экономикалық және әлеуметтік дамуға кері әсерін барынша азайту қажет.

Жиында соңғы кездері елдегі індетпен ұжымдық жұғымдалудың белгілері көп, көлемі кең және айқын ерекшеліктері белең бергені атап айтылды. Елді мекендер, әр түрлі бөлімдер, көпшілік орындар және жеке тұлғалар сияқты төрт тараптың міндеттерін біріктіріп, ерте анықтау, ерте хабарлау, ерте оқшаулау және ерте емдеу талаптарын жүзеге асыру, індеттің алдын алу және тежеу жұмыстарын қатаң әрі мұқият жүргізу, індет ауыр болған орындардың алдын алу мен тежеу қызметіне жетекшілік етіп, жергілікті шоғырлы жұғымдалу жағдайын жедел тізгіндеу керек.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото