Қытай Коммунистік партиясының басқа саяси партиялардан қандай ерекшелігі бар?

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 наурыз

Қытай батыстың үлгісінен басқа үлгіні қолдана отырып,адамзат тарихында жылдамдық пен ауқым жағынан бұрын-соңды болмаған дамуға қол жеткізді. Бұл Қытайға даму әкеліп қана қоймай, сонымен қатар көптеген елдерді өздерінің ұлттық жағдайларына сай даму жолына түсуге және тіпті де тамаша әлеуметтік жүйені зерттеуге ынталандырады.

Қытай Коммунистік партиясының 100 жылдық мерей тойына орай, онлайн «Халық Газеті» «Қытайды түсіну» атты альбомын шығарды, онда халықаралық саяси қайраткерлерді, қытайлық және шетелдік ғалымдарды сұхбаттасуға шақырып, ұқсамаған тұрғыдан сырласу арқылы Қытайды шынайы, стролды және жан-жақты түсіндіруге тырысады.

Бұл диалогтың қонақтары - Ресей Мемлекеттік Думасының бірінші вице-президенті Иван Мельников пен Қытай Сыртқы істер университеті Ресейді зерттеу орталығының директоры Тань Цзицзюнь.

«Қытай Коммунистік партиясы құрылған сәттен бастап Қытай қоғамындағы алғабасар саяси ұйым ретінде өзінің рөлін үздіксіз атқарды». Иван Мельников бағдарламада «Дәл осындай жетістіктердің арқасында Қытай Коммунистік партиясын халық дереу жетекші күш ретінде сайлады. Осылайша бұқара қолдаған партия мемлекет пен ұлттың көптеген міндеттерін орындауға бел байлап, кірісіп кетті», -деді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото