Қытай қауіп пе әлде мүмкіндік пе?

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 наурыз

Қытай батыстың үлгісінен басқа үлгіні қолдана отырып,адамзат тарихында жылдамдық пен ауқым жағынан бұрын-соңды болмаған дамуға қол жеткізді. Бұл Қытайға даму әкеліп қана қоймай, сонымен қатар көптеген елдерді өздерінің ұлттық жағдайларына сай даму жолына түсуге және тіпті де тамаша әлеуметтік жүйені зерттеуге ынталандырады.

Қытай Коммунистік партиясының 100 жылдық мерей тойына орай, онлайн «Халық Газеті» «Қытайды түсіну» атты альбомын шығарды, онда халықаралық саяси қайраткерлерді, қытайлық және шетелдік ғалымдарды сұхбаттасуға шақырып, ұқсамаған тұрғыдан сырласу арқылы Қытайды шынайы, стролды және жан-жақты түсіндіруге тырысады.

Бұл диалогтың қонақтары - Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Хатояма Юкио мен Қытайдың Жапониядағы бұрынғы елшісі Чэн Юнхуа. Олар Қытайдың дамуы қауіп пе әлде мүмкіндік пе деген тақырыпта диалог жүргізеді.

«Қытай Коммунистік партиясы құрылғаннан бері халқы көп, жері байтақ, әр түрлі этностар топтасқан жаңа Қытайды қалыптастырып, халықтың тұрмысын жақсартты. Бұл ұлы тарих және ол бүкіл әлем бойынша жоғары бағалануы керек», - деп Хатояма Юкио бағдарламада нақты айтты. XXI ғасырдың басынан бері Қытай экономикасының үздіксіз қарқынмен өсуі «Қытай қаупі теориясын» өмірге әкелді. Осыған байланысты Хатояма Юкио «Қытай ешбір жағдайда қауіп төндірмейді», - деп санайтынын жеткізді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото