Неоколониалдық талаптар құбылмалы және қос стандартты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 наурыз

Қытай батыстың үлгісінен басқа үлгіні қолдана отырып,адамзат тарихында жылдамдық пен ауқым жағынан бұрын-соңды болмаған дамуға қол жеткізді. Бұл Қытайға даму әкеліп қана қоймай, сонымен қатар көптеген елдерді өздерінің ұлттық жағдайларына сай даму жолына түсуге және тіпті де тамаша әлеуметтік жүйені зерттеуге ынталандырады.

Қытай Коммунистік партиясының 100 жылдық мерей тойына орай, онлайн «Халық Газеті» «Қытайды түсіну» атты альбомын шығарды, онда халықаралық саяси қайраткерлерді, қытайлық және шетелдік ғалымдарды сұхбаттасуға шақырып, ұқсамаған тұрғыдан сырласу арқылы Қытайды шынайы, стролды және жан-жақты түсіндіруге тырысады.

Батыстың қоғамдық пікірі Қытай-Африка ынтымақтастығын көптен бері қаралап, теріс ұғынды. Бұл жаһандану мен көпжақтылық үдерісін аяққа таптағандық. Бағдарлама Оңтүстік Африка Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Седрик Томас Фрорик пен Қытай Әлеуметтік ғылымдар академиясының Батыс Азия және Африка зерттеулері институтының ғылыми қызметкері Хэ Вэньпинді Қытай-Африка қарым-қатынастары және «Бір белдеу, бір жол» сияқты маңызды мәселелердің ақиқатын экран алдында бөлісу үшін диалог қонақтары ретінде шақырды.

«Біз Африкада тұрамыз, бұрынғы Батыс отарлаушыларымен таныспыз және отарлаудың иісін алыстан сеземіз», - деді Седрик Томас Фрорик. Бағдарлама қонағы сөзін әрі қарай сабақтап: «Олардың (Батыс) бізге отарлаушылардан сақ болуды ескертуге қалай батылы барды? Қытаймен қарым-қатынасымыз және Қытайдың басқа елдердің ішкі істеріне араласпау принципі батыстық күштердің іс-әрекеттері мен стильдерінен мүлде бөлек», - деп түйіндеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото