Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы(IAAF) Қытай эстафеталық командасы Олимпиаданың қола жүлдесін иелегенін растады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 наурыз

21 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің уақытымен 21 наурызда Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы(IAAF) ресми сайтының хабарлауынша, Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы(IAAF) спортшыларын таныстыру кезінде Қытайлық спортшы Су Бинтянь, Сие Женьие, У Чжицян және Тан Синцянның профильдері Олимпиаданың қола жүлделерімен белгіленді.

Еске сала кетсек, өткен жылы Токио Олимпиадасында өткен 4×100 метрлік эстафеталық жарыста Қытай құрамасы 37,79 секунд көрсеткішпен төртінші орынды жеңіп алған болатын. Алдыңғы хабарлар бойынша, Ұлыбритания ойыншысы Чиджинду Уджаның допингке қарсы ережелерді бұзғанына байланысты Ұлыбританияның күміс жүлдесі жойылып, бастапқыда төртінші болған Қытай ерлер эстафеталық командасы қола жүлдені иеледі.

Осылайша, Қытай ерлер эстафеталық командасы Олимпиаданың 4×100 метрлік эстафеталық жарыста алғашқы жүлдені жеңіп алып, тарих жасады! 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото