Си Цзиньпин China Eastern Airlines жолаушылар ұшағы апатына қатысты маңызды нұсқаулар берді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 22 наурыз

22 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 21 наурыз күні сағат 14:38 шамасында China Eastern Airlines әуе компаниясының MU5735 рейсі Куньминь-Гуанчжоу миссиясы кезінде, Гуансидегі Учжоу қаласының кеңістігінде байланыс үзіліп, апатқа ұшырады. Бортта 123 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған.

Оқиғадан кейін Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет Төрағасы, Орталық Әскери Комитеттің Төрағасы Си Цзиньпин бірден маңызды нұсқаулар беріп, дереу апаттық-құтқару механизмін іске қосып, іздестіру-құтқару жұмыстарын толық ұйымдастырып, зардап салдарын жоюды тапсырды. Мемлекеттік кеңес апаттың себебін мүмкіндігінше тезірек анықтау, азаматтық авиация саласындағы ықтимал қауіпсіздік қатерлерін тексеруді күшейту, міндеттерді орындауға мұқият назар аудару, авиациялық жұмыстардың тұрақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдар өмірінің қауіпсіздігі жұмыстарын үйлестіруге жетекшілік ететін мамандарды тағайындады.

ҚКП ОК саяси бюросы тұрақты комитетінің мүшесі, мемлекеттік кеңестің премьер-министрі Ли Кэцян нұсқау беріп, тірі қалғандарды барынша мұқият іздестіру, жаралыларды емдеу үшін қолдан келгеннің барлығын жасау, зардаптарды жою, қаза болғандардың отбасыларын жұбату мен қызмет көрсетуді дұрыс атқару, шынайы ақпаратты дер кезінде жариялау, апат себебін қатаң тексеру, азаматтық авиация қауіпсіздігін басқаруды күшейту бойынша тиімді шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берді.

Си Цзиньпиннің тапсырмасы мен Ли Кэцянның нұсқауы бойынша Қытайдың Азаматтық авиация басқармасы, Төтенше жағдайлар министрлігі және басқа да тиісті құрылымдар оқиға орнына жұмыс тобын жіберіп, Гуанси мен Гуандуннан құтқару күштерін жөнелтті. Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқару, апат салдарын жою мен себебін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото