- Барлық ақпарат
Қытай үкіметі Украинаға гуманитарлық көмектің тағы бір топтамасын жіберу туралы шешім қабылдады
![]() |
22 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэньбинь 21 наурыз күні Қытай үкіметінің Украинаға 10 миллион юандық гуманитарлық көмектің тағы бір тобын беру туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Ван Вэньбинь Қытайдың Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың бейбіт тұрғындарға тиетін зардабына қатты алаңдайтынын айтты. Болуы мүмкін ауқымды гуманитарлық дағдарыстарға ден қою қазіргі уақытта халықаралық қауымдастықтың басты басымдығы болып табылады. Қытай Украинадағы гуманитарлық жағдайды жеңілдету туралы алты тармақтан тұратын бастама көтеріп, Украинаға шұғыл гуманитарлық көмектің топтамасын жеткізу үшін нақтылы әрекеттер жасағанын мәлімдеді.
Ван Вэньбинь Қытайдың Украинадағы жағдайдың жақсаруына сындарлы рөлін жалғастыратынын және гуманитарлық дағдарысты еңсеру үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екенін айтты.
people.cn © People's Daily Online