Біріккен Ұлттар Ұйымы Қытайдың Eastern Airlines жолаушылар ұшағы апатына ұшырағандардың отбасыларына көңіл айтты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 22 наурыз

22 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик 21 наурызда өткен баспасөз мәслихатында Бас хатшының Қытайдың Eastern Airlines MU5735 рейсінің апатқа ұшырағаны туралы хабарын естіп, қатты қайғырғанын айтып, «Біз апатқа ұшырағандардың отбасыларына және Қытай үкіметі мен халқына көңіл айтамыз»,-деді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының арнаулы мекемесі болып табылатын ICAO да Қытайдың Eastern Airlines MU5735 рейсінің қайғылы оқиғасына қайғыратынын және апаттан зардап шеккен жандардың барлығына шынайы көңіл айтатынын білдірді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото