Ван Ян: барлық этнос өкілдерінің бақытты өмір сүріп жатқан болмысы арқылы қарсы күштердің қаралауларына жауап беру тиіс

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 наурыз

24 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП ОК саяси бюросының тұрақты комитетінің мүшесі, Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесі ұлттық комитетінің төрағасы Ван Ян жақында Шыңжаңда зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол жаңа дәуірдегі партияның Шыңжаңды басқару стратегиясын толық және дәл түсініп, толық жүзеге асыру, партияның орталықтандырылған және біртұтас басшылығын күшейту, Шыңжаңның жұмысын стратегиялық тұрғыдан қарастыру және жоспарлауды ұстану, Шыңжаңның жалпы даму үрдісінне көз жеткізу, Шыңжаң барлық жағынан даму жұмысының жалпы мақсатын жүзеге асырудың ұзақ мерзімді қиындығы мен күрделілігін анық байқау керек. Тұрақтылықты сақтай отырып, ілгерілеуді іздеудің жалпы қағидасын ұстану, алдымен шешім қабылдау, содан кейін әрекет ету, ұзақ уақыт бойы жетістіктерге жету, негіздерді бекіту үшін ұзақ мерзімді стратегиялар мен әрекеттерді іздеу және ұзақ мерзімді тұрақтылыққа байланысты терең шиеленістерді және мәселелерді көбірек шешу керек, осылайша Шыңжаңдағы жұмыс әрқашан дұрыс бағытта жүріп отыратыны анық.

Ван Ян 18-22-күндері аралығында Үрімжі, Қашқар, Хотан және басқа жерлерге зерттеу тобын ертіп, ауыл-аймақтарда, қауымдастықтарда, мектептерде, кәсіпорындарда және мешіттерде зерттеу жұмыстарын жүргізді, және партиялық-үкіметтік кадрлармен, тиісті қызметкерлермен шын жүректен әңгімелесулер жүргізіп, тараптардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау үшін талқылау отырысын ұйымдастырды.

Ол былай деп атап көрсетті: «Соңғы жылдары Си Цзиньпин жолдасты өзек еткен ҚКП Орталық Комитетінің жетекшілігімен автономиялы региондық партия комитеті барлық этностардың кадрлары мен бұқарасын біріктіріп, ғасырлық індет пен өзгерістердің қйындығын жеңіп, Шыңжаң жұмысының елеулі нәтижелерге жетуіне ықпал етті. Бес жылдан астам қатарынан ешқандай зорлық-зомбылық лаңкестік оқиғалары болмады, кедейлікпен күрес жоспарланғандай жеңіске жетті. Барлық этнос өкілдерінің жетістік, бақыт пен қауіпсіздік сезімі артып, Шыңжаңда жалпы әлеуметтік жағдай тұрақтасқан, ұлттық және діни тұрғыдан жарасым тапқан, халық бай-баяшат өмір сүрген тамаша жағдай қалыптасты. Мұндай жетістік оңайға келген жоқ, оларды бағалай білу керек».

Ван Ян: «Шыңжаңның дамуы бұрын-соңды болмаған маңызды мүмкіндіктерге тап болып отыр, оның орналасқан жері мен ресурстық артықшылықтарын толық пайдалану, тұрақтылық тиімділіктер мен саясаттық тиімділіктерді оңтайлы пайдалану, болашақта дамуға ұмтылу, реформалар мен ашықтықты табандылықпен жалғастыру және қызмет өтеу мен жаңа даму үлгісін біріктірудің дұрыс жолын табу қажет. Шыңжаңды социалистік жаңғырған елді жан-жақты және ортақ құрудың жаңа жолында көштен қалдырмау керек. Даму жетістіктерін халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуда, бірлігін арттыруда, халық жүрегін біріктіруде жүзеге асыру, даму үдерісінде ұзақ мерзімді тұрақтылыққа қол жеткізу үшін берік материалдық негіз қалау және барлық этнос өкілдерінің бақытты өмір сүріп жатқан болмысы арқылы қарсы күштердің өсектеріне, жалаларына, қаралауларына жауап беру тиіс».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото