2025 жылға қарай жаңа энергетикалық көліктерді сату көлемі шамамен 20%-ды құрайды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 наурыз

24 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық даму және реформа комитетінің ресми сайтының хабарлауынша, жақында Ұлттық даму және реформа комитеті мен Ұлттық энергетика әкімшілігі «Қазіргі заманғы энергетикалық жүйенің 14-інші бесжылдық жоспарын» (бұдан әрі - «Жоспар») шығарды, онда 2025 жылға қарай жаңа энергия көліктерін сату үлесі 20%-ға жетеді деп болжанған.

Жоспарда «Жаңа кезеңдегі ғылыми-техникалық революция және өнеркәсіптік трансформация жан-жақты даму үстінде екені, жаһандық климатты басқару жаңа жағдайды ұсынғаны, жаңа энергетика мен ақпараттық технологиялардың тығыз интеграциялануы, өндіріс пен өмір салтының төмен көміртекті және интеллектуалды деңгейге жетуге ұмтылуы, ал энергия жүйесі мен даму моделі қазбалы емес энергияға негізделген режимге өтіп жатқаны» айтылған. 2035 жылға қарай энергетиканы сапалы дамытуда шешуші ілгерілеушілікке қол жеткізіліп, қазіргі заманғы энергетикалық жүйе негізінен қалыптасады. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкіндігі айтарлықтай жетілдіріледі, жасыл өндіріс пен тұтыну үлгілері кеңінен қалыптасып, қазбалы емес энергияны тұтыну үлесі 2030 жылы 25%-ға жеткізу негізінде одан әрі айтарлықтай өседі. Жаңартылатын энергия салаларын дамыту негізгі қуат көзіне айналды, жаңа энергетикалық жүйелердің құрылысы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Көміртегі шығарындыларының жалпы мөлшері ең жоғары деңгейге жеткеннен кейін тұрақтанды және төмендеді.

Жоспарда терминалдық энергияны тұтынуда төмен көміртектендіру мен электрлендіру деңгейін арттыру қажет екені айтылған. Электр энергиясының қолданыс аясын жан-жақты кеңейту және тереңдету, электр қазандықтарын, электр пештерін, электр қозғалтқыш және өнеркәсіптік өндіріс саласындағы басқа да құрылғыларды неғұрлым тиімді пайдалану, тежелген өндірістік қуатты ауыстыруды нығайту қажеттігі көрсетілген. Сол сияқты, жоаспарда төмендегідей мәселелер қамтылған: электрлік дренаж және суару, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және бағымшылық сияқты ауылшаруашылық өндірісі мен өңдеу әдістерін белсенді түрде дамыту; жергілікті жағдайларға сәйкес ауа мен су көздерінен жылу сорғыларын, жылу сақтайтын электр қазандықтары сияқты жаңа электр жылыту жабдықтарын кеңінен қолданысқа енгізу; коммерциялық электр плиталарын, ақылды тұрмыстық техниканы және басқа да нысандарды алға жылжыту және қоғамдық тамақтандыру қызметтері индустриясы мен тұрғындардың тұрмысы сияқты терминалдық энергетикалық өрістерді электрлендіру деңгейін жақсарту; порт жағалауының әлеуетін және әуежайдың жердегі қуатын трансформациялауды жүзеге асыру.

Сонымен қатар, құжатта қалалық қоғамдық көліктерде және басқа салаларда жаңа энергетикалық көліктерді қолдануды белсенді түрде алға жылжыту және 2025 жылға қарай жаңа энергетикалық көліктер жаңа автокөлік сатылымының шамамен 20%-ын құрау керектігі белгіленген. Зарядтау инфрақұрылымының схемасын оңтайландыру, көлік зарядтау жабдығының үйлесімді дамуына жан-жақты жәрдемдесу, электр көліктері мен смарт желілер арасындағы энергия мен ақпараттың екі жақты әрекеттесуіне ықпал ету және фотоэлектр, қуат сақтау, зарядтау және батерея ауыстыруды біріктіретін жаңа зарядтау желісі мен ауыстыру электр станцияларының пилоттық демонстрацияларын жасақтау керек делінген.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото