Қытайдың жылдық шикі мұнай өндірісі 2025 жылға қарай 200 миллион тонна деңгейінде тұрақталады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 наурыз

24 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында «Қазіргі заманғы энергетикалық жүйенің 14-інші бесжылдығы» жарияланды. Жоспарда энергиямен өзін-өзі қамтамасыз етуді одан әрі күшейту, энергияны пайдалану тиімділігін арттыру, тәуекелдерге төтеп беру қабілетін үздіксіз арттыру және ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті тұрақтандыру бойынша жалпы шараларды қабылдау қажет екендігі атап көрсетілген.

Жоспарда 2025 жылға қарай отандық энергияның жылдық кешенді өндірістік қуаттылығы стандартты көмірдің 4,6 миллиард тоннадан астамына жетеді, шикі мұнайдың жылдық өндірісі қалпына келтіріліп, 200 миллион тонна деңгейінде тұрақталады, табиғи газ 230 миллиард текше метрден асып, электр қуатын өндірудің жалпы белгіленген қуаты шамамен 3 миллиард киловаттқа жетеді делінген.

Жарияланған жоспарда жел мен күн энергиясын өндіруді жеделдету ұсынылды. Кең ауқымды және жоғары теңгермелі жаңа энергия көздеріне бейімделу үшін энергетикалық жүйе эволюциясына ықпал ету керектігі міндеттелді.

Сондай-ақ Жоспарда ядролық энергетиканы белсенді, қауіпсіз және реттелген түрде дамыту талап етілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету негізінде жағалаудағы атом энергетикасы жобаларының құрылысын белсенді және жүйелі түрде алға жылжып, 2025 жылға қарай атом энергетикасының белгіленген қуаты шамамен 70 миллион киловаттқа жетеді делінген.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото