Қытайлық жеке кәсіпорындардың жалпы кәсіпорындардағы үлесі 79,4%-дан 92,1%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 наурыз

24 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші жақында нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік әкімшіліктен ұғысуынша: 2012-2021 жылдар аралығында Қытайдағы жеке кәсіпорындардың саны 10,857 миллионнан 44,575 миллионға жоғарлап, 10 жылда төрт есе өскен. Ал жеке кәсіпорындардың жалпы кәсіпорындардағы үлесі 79,4%-дан 92,1%-ға дейін артқан. Сөйтіп өсімді тұрақтандыруда, инновацияларды ілгерілетуде, жұмыспен қамтуды арттыруда және халықтың тұрмысын жақсартуда маңызды рөл атқарды.

2020 жылдан бастап ҚКП Орталық Комитеті мен Мемлекеттік кеңес жұмыс орындарының қауіпсіздігін, халықтың тұрмысын және нарық субъектілерін макроэкономикалық саясаттың бағыты ретінде қабылдады. Салық, қаржы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыруды белсенді түрде құру үшін қолдау шаралары кешенін енгізді, адал бәсекелесетін нарықтық орта жаратты. Осындай абзал саясаттар арқасында жеке кәсіпорындар дамуы қарқынды жүрді.

Шағын және орта кәсіпкерлік қауымдастығының атқарушы вице-президенті Ма Бинь соңғы жылдары әртүрлі саясаттар мен шаралар қарқынды түрде енгізіліп, жеке кәсіпкерліктің даму ортасы жақсара түскенін, салық салымдары 50%-дан асқанын, инвестиция 60%-дан астам құйылғанын және өнертабыстар мен инновациялар 70%-дан астамды құрағанын айтты.

2019 жылы ҚКП Орталық Комитеті мен Мемлекеттік кеңесі шығарған құжатта нарыққа кіру әкімшілік сараптама мен бекіту тармақтарын одан әрі жеңілдету үшін жеке кәсіпорындардың қолжетімділігіне қосымша шарттарды талап етпеу, олардың дамуына жеткілікті нарық кеңістігін жаратып беру деп анық айтылған. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото