Алғашқы екі айда Шыңжаңның сыртқы сауда импорты мен экспортының құны 34,4%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 наурыз

Үрімжі кеденінің статистикасы бойынша, биылғы жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында Шыңжаңның жалпы сыртқы сауда импорты мен экспорты көлемі 23,82 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34,4%-ға өсіп, ұлттық өсу қарқынынан 21,1% тармаққа жоғары болды.

Осы жылдың алғашқы екі айында Шыңжаңның Қырғызстанмен сауда көлемі артып, бірінші орынға көтеріліп, импорт пен экспорт 8,5 миллиард юань болып, 17,2 есе өскенін, оның ішінде экспорттың 8,48 миллиард юаньды құрап, 17,6 есе өскенін атап өткен жөн. Қырғызстан соңғы он жылда алғаш рет Қазақстанды басып озып, алғаш рет Шыңжаңның ең ірі сауда серіктесі болды.

Қытайдың Шыңжаңның Тәжікстанмен, Ресеймен және Индонезиямен импорт және экспорт саудасы жеке-жеке 1 миллиард 330 миллион юань, 1 миллиард 200 миллион юань және 690 миллион юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 584,6%-ға, 161,7%-ға және 183,2%-ға өсті. «Бір белдеу - бір жол» және RCEP (Аймақтық жан-жақты экономикалық серіктестік) елдерімен импорт және экспорттық сауда көлемі сәйкесінше 22 миллиард юань және 1 миллиард 650 миллион юаньға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 53,8%-ға және 23,6%-ға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото