- Барлық ақпарат
Жалған хабар таратып қолтығына су бүркті
![]() |
28 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Ресей-Украина қақтығысы басталғаннан бері АҚШ пен Батыстың кейбір БАҚ-тары мен саясаткерлері екі елді бейбітшілік пен келіссөздерге көндіруге шақырғанды қойып, бірінен соң бірі ақылға симайтын өтіріктер шығаруға кірісті.
АҚШ үкіметі мен кейбір БАҚ «Барлау» деген атпен жалған ақпарат таратып, жағдайды ушықтырып отыр. Қақтығыс басталғанға дейін кейбір америкалық БАҚ алдын ала жалған жаңалықтар шығарды; Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарынан кейін көптеген БАҚ «Барлау» деген атпен Қытай Бейжіңдегі қысқы Олимпиада кезінде Ресейге Украинаға «Шапқыншылық жасап кірмей тұр» деп ескертті деген өтірік таратты; Кейбір АҚШ шенеуніктері Қытайды «Украина мәселесін дипломатиялық жолмен шешудің кез келген нысанына қатысуға ниеті жоқ» деп бірнеше рет қаралады...
Қаралағың келсе сылтау іздеп қайтесің демекші. Украина мәселесінде Қытай әрқашан бейбіт келіссөздерді ілгерілетуде сындарлы рөл атқарды. Ал Америка Құрама Штаттары жалған ақпарат таратып, Украина мәселесін Қытайға күйе жағу үшін пайдалануды жалғастыруда.
Өтірік тарату АҚШ-тың өз жауапкершілігін жасыра алмайды, керісінше АҚШ-тың дағдарысты пайдаланудағы шынайы ниетін әшкерелеп береді.
people.cn © People's Daily Online