Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И Ауғанстанмен көршілес елдер Сыртқы істер министрлерінің 3-інші отырысына төрағалық етуде

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 30 наурыз

30 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь мәлімдеді.

Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И наурыздың 30-ы мен 31-і аралығында Аньхой өлкесінің Туньси қаласында өтіп жатқан Ауғанстанмен көршілес елдер Сыртқы істер министрлерінің үшінші отырысына төрағалық етуде. Оған Пәкістан, Иран, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның Сыртқы істер министрлері мен өкілдері қатысады. Одан кейін Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И «Ауғанстанның көршілері + Ауғанстан» атты Сыртқы істер министрлерінің диалогын өткізетін болады. Бұл диалогқа Ауғанстан Уақытша үкіметі Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Хан Муттаки ұсыныс етілді. Ал Индонезия мен Катардың Сыртқы істер министрлері қонақ ретінде қатысады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото