Ван И Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөз жүргізді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 31 наурыз

31 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 30 наурызда Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И Аньхой өлкесінің  Туньси қаласында, Ауғанстанға көршілес елдер Сыртқы істер министрлерінің 3-інші кездесуі үшін Қытайға келген Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер жүргізді.

Ван И Қытай-Ресей қарым-қатынастары халықаралық жағдайдың жаңа сынағына төтеп беріп, ілгерілеудің дұрыс бағытын сақтап, табанды даму қарқынын көрсетіп жатқанын айтты. Тараптардың екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға деген ықыласы, әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты ілгерілетуге деген сенімі анағұрлым нығая түсті. Қытай екі мемлекет басшылары қол жеткізген маңызды консенсусты бағдар етіп, Қытай-Ресей қарым-қатынасын жаңа дәуірде жоғары деңгейге көтеру үшін Ресеймен бірлесіп жұмыс істеуге дайын.

Сергей Лавров халықаралық жағдайдың маңызды кезеңінде Ресей мен Қытайдың мемлекет басшылары стратегиялық байланысты сақтап, Ресей-Қытай қарым-қатынасының тұрақты дамуы мен жаһандық көпсалалы поляризацияны ілгерілетуде маңызды рөл атқарғанын айтты. «Ресей Қытай тарабымен екі мемлекет басшылары қол жеткізген маңызды консенсусты жүзеге асыруға, жоғары деңгейдегі стратегиялық үйлестіруді жалғастыруға және әртүрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайын. Сонымен бірге халықаралық және көпжақты аренада көп поляризация процесін белсенді түрде алға жылжытып, гегемонизм мен билік саясатына қарсы тұрып, БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен принциптерін қолдайды»,-деді Ресейдің Сыртқы істер министрі.

С.Лавров Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер туралы қысқаша мәлімет беріп, Ресейдің шиеленісті азайтуды жақтайтынын, Украинамен бейбіт келіссөздер жүргізуді және халықаралық қауымдастықпен байланысын жалғастыратынын айтты.

Ван И халықаралық жағдайдың дүбірлі және реформалы кезеңге енгенін, дүние жүзі ғасырлық кезеңде көрмеген терең өзгерістерге ұшырап жатқанын атап өтті. Қытай халықаралық қатынастардың көп поляризациясы мен демократиялануын қолдап, БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен халықаралық қатынастарды реттейтін негізгі нормаларды жақтап, халықаралық істерде әрқашан объективті және әділ ұстанымды қуаттап келді және әрқашан тарихтың оң әрекеттеріне жақын болды. Украина мәселесінің күрделі тарихы мен бастауы бар, бұл Еуропадағы ұзақ мерзімді қауіпсіздік қақтығыстарының салдары ғана емес, сонымен қатар қырғи-қабақ соғыс менталитеті мен топтық қарама-қайшылықтың нәтижесі. Қазіргі жағдайда біз Ресей мен Украинаның қиындықтарға қарамастан бейбіт келіссөздерді жалғастыруын, келіссөздерде осы уақытқа дейін қол жеткізілген оң нәтижелерді қолдап, жағдайдың тезірек орнығуын қалаймыз, Ресейдің және басқа да тараптардың ауқымды гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін жасаған құлшыныстарына көзқарасымыз оң. Ұзақ мерзімді перспективада біз Украина дағдарысынан сабақ алып, өзара құрмет пен қауіпсіздік біртұтас деген принципке негіздеп, барлық тараптардың заңды қауіпсіздік мәселелеріне жауап беріп, диалог пен келіссөз арқылы теңдесіп, тиімді және тұрақты еуропалық қауіпсіздік архитектурасын құрып, Еуропадағы ұзақ мерзімді тұрақтылыққа қол жеткізуіміз керек.

Тараптар сондай-ақ Азия-Тынық мұхитындағы, Корей түбегіндегі жағдай, БРИКС механизмі, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және АӨСШК сияқты көпжақты мәселелер бойынша пікір алмасып, ұстанымдарын үйлестірді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото