Сыртқы істер министрлігі: Қытай Украинадағы жағдайдың жақсаруын ілгерілетуде сындарлы рөл атқарып келеді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 31 наурыз
Сыртқы істер министрлігі: Қытай Украинадағы жағдайдың жақсаруын ілгерілетуде сындарлы рөл атқарып келеді

31 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 30 наурыз күні Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэньбинь: «Қытай әрқашан Украина дағдарысын шешудің бірден-бір дұрыс жолы диалог пен келіссөз болып табылады деп біледі. Қытай Украинадағы жағдайдың шешілуіне ықпал етуде сындарлы рөл атқарып келеді», - деді.

Сол күнгі кезекті баспасөз мәслихатында Ван Вэньбинь «Біз келіссөздер барысында Ресей мен Украинада оң нәтижелер болғанын байқадық», - деп Қытайдың Украина дағдарысын шешудің бірден-бір дұрыс жолы диалог пен келіссөз екенін әрқашан қолдағанын айтты. Ол сөзін сабақтап: «Біз Ресей мен Украинаны диалог пен келіссөздің жалпы бағытын ұстануға, саяси шешім бойынша консенсусқа келуге, жағдайдың одан әрі шиеленісуінен сақтанып, бейбітшілікті ертерек қалпына келтіруге шақырамыз», - деді.

Оның айтуынша, қазіргі жағдайда халықаралық қауымдастық диалог пен келіссөздерге қолайлы мәселелерді көбірек айтуы, диалог пен келіссөздерге ықпал ететін шараларды көбірек жасауы тиіс. Ресей мен Украинаның келіссөздерді жалғастыруына, келіссөз нәтижеге жетуіне, бейбітшілікке жетуіне қолдау көрсету керек. Біз қырағы болып, отқа май құюға, қақтығысты шиеленістіруге жол бермей, дипломатиялық тәсілдер бойынша мәселелерді шешуге қатысты кедергілер мен қарсылықты болдырмауымыз керек.

Ван Вэньбинь Қытайдың Украина дағдарысын бейбіт жолмен шешуге көмектесетін барлық дипломатиялық күш-жігерді қолдайтынын және Рессей мен Украина арасындағы диалог пен келіссөзді дұрыс деп санайтынын айтты. Қытай әрқашан барлық елдердің заңды қауіпсіздік мәселелеріне мән беруді жақтап келеді және халықаралық қоғамдастықпен ортақ, жан-жақты, ынтымақтастық және тұрақты қауіпсіздік тұжырымдамасын дәріптеуге, сонымен бірге теңгерімді, тиімді және тұрақты еуропалық қауіпсіздік механизмін құруға қолдау көрсетуге дайын.

Сөз соңында Ван Вэньбинь Қытайдың бейбітшілік үшін қолдан келгеннің бәрін жасап келе жатқанын және өз тарапынан Украинадағы жағдайдың шиеленісуіне ықпал етуде сындарлы рөл атқара беретінін айтты. Сонымен бірге барлық тараптармен жалпы бағытта тез арада Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеуге ұмтылатынын және Еуропадағы бейбітшілікті мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру бағытына бар күшін салатынын жеткізді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото