Си Цзиньпин: «Достар мен көршілер – ел қазынасы»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 сәуір

1 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 31 наурыз күні ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Ауғанстанмен көршілес елдер Сыртқы істер министрлерінің 3-інші отырысына сөз жолдады.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин: «Ауғанстан көптеген тар жол, тайғақ кешулерді бастан өткерді. Елдің маңызды салалары тұралап, қазір бейберекеттіктен басқаруға көшудің сын кезеңінде тұр. Ауғанстан барлық осы жиналысқа қатысушы елдердің ортақ көршісі және серіктесі, ал біз тау-өзендері шекараласып жатқан, бейнетте де, зейнетте де бір болатын ортақ тағдыр қауымдастықпыз. Бейбіт, тұрақты, дамыған және гүлденген Ауғанстан барша ауған халқының арманы, сонымен қатар аймақтық елдер мен халықаралық қауымдастықтың ортақ мүдделеріне сай келеді»-,деді.

Төраға Си Цзиньпин: «Достар мен көршілер – ел қазынасы» деп баса айтты. Қытай әрқашан Ауғанстанның егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын құрметтейді әрі Ауғанстанның бейбіт және тұрақты дамуын барынша қолдайды. Ауғанстанның көршілес елдерінің үйлестіру және ынтымақтастық механизмі өткен жылдың қыркүйегінде құрылғаннан бері осы елдердің артықшылықтарын пайдаланып, Ауғанстандағы жағдайдың бірқалыпты өтуінде сындарлы рөл атқарды.

Төраға Си Цзиньпин сөз соңында Ауғанстанның көршілері қолдарынан келгеннің бәрін жасап, келісімге келіп, үйлестіріп, ынтымақтаса отырып, ауған халқына жарқын болашақ құру жолында қолдау көрсетуі керектігін баса айтты. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото