Ван И Ауғанстан мәселесіне арналған бірқатар кездесулердің маңызды консенсусы мен нәтижелерін таныстырды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 сәуір
Ван И Ауғанстан мәселесіне арналған бірқатар кездесулердің маңызды консенсусы мен нәтижелерін таныстырды

1 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылы 31 наурыз күні ҚХР Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И Аньхой өлкесінің Туньси қаласында Ауғанстанмен көршілес елдер Сыртқы істер министрлерінің 3-інші отырысы және Ауғанстанның көршілес елдері мен Ауғанстанның уақытша үкіметі арасындағы 1-інші Сыртқы істер министрлерінің диалогына төрағалық етті. Кездесуден кейін Ван И баспасөз мәслихатын өткізіп, отырыстың маңызды ортақ пікірі мен нәтижелерін таныстырып, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

Ван И кездесу қорытындысы екі құжатта көрініс тапқанын, бірі «Ауғанстанмен көршілес елдер Сыртқы істер министрлерінің 3-інші кездесуінің бірлескен мәлімдемесі», екіншісі «Ауғанстанмен көршілес елдерінің Ауғанстанның экономикалық қалпына келуі мен практикалық ынтымақтастығына қолдау көрсету жөніндегі Туньси бастамасы» екенін айтты. Бұл екі құжат көрші елдердің ортақ саяси ұстанымын көрсетеді. Сонымен бірге Ауғанстанға гуманитарлық көмек, өзара байланыс, экономикалық, сауда және ауыл шаруашылығын дамыту, энергетика мен қуат және әлеуетті арттыру сияқты негізгі салаларына елеулі қолдау көрсету туралы шешім қабылдады.

Ван И «Туньси бастамасы» Ауғанстанмен көршілес елдердің Ауғанстанды бейбіт жолмен қалпына келтіруге қолдау көрсету шараларын, идеялары мен ұсыныстарын біріктіретінін мазмұны бай бастама екенін жеткізді. Оның келешекте Ауғанстанды бейбіт жолмен қалпына келтіру мен тұрақты дамуын ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынын айтты. Бастама бес сипатқа ие: біріншіден, геосаяси ойындарға араласпау және прагматикалық ынтымақтастыққа назар аудару; екіншіден, басқаларға зорлап таңбай, теңдік пен еріктілікті жақтау; үшіншіден, бос сөз айтпай, практикалық нәтижелерге қол жеткізу; төртіншіден, өзімен ғана шектелмей, аймақтық байланыстарды ұстану; бесіншіден, жабық болмай, ашықтық пен инклюзивтілікті жақтау.

Ван И Ауғанстан мәселесіне арналған осындай бірқатар кездесулер Ауғанстанмен көршілес елдердің бірлестігін, олардың Ауғанстанға қолдауы мен көмегін арттырудың маңызды бөлігі екенін, сонымен қатар бұл халықаралық қауымдастықтың өткір мәселелерді толық шешудің жаңа жолын іздеудегі пайдалы әрекеті екенін атап өтті. Біз барлық тараптардың күш-жігері арқылы Ауғанстанның болашағы жарқын болатынын және ондағы барлық этникалық топтар халқының армандары орындалатынына сенеміз. Сөйтіп Ауғанстан азиялық үлкен отбасына маңызды және тең құқылы мүше ретінде қайта оралатын болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото