Си Цзиньпин 21 наурыздағы ұшақ апатыныа байланысты есепті тыңдап, маңызды нұсқаулар берді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 сәуір

1 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының Тұрақты комитеті 31 наурызда мәжіліс өткізіп, 21 наурызда апатқа ұшыраған China Eastern Airlines MU5735 ұшағы туралы есепті тыңдап, келесі қадамдағы тиісті шараларды қабылдады. ҚКП Орталық Комитетінің бас хатшысы Си Цзиьнпин жиналысқа төрағалық етіп, маңызды баяндама жасады.

Жиналыста «3.21» China Eastern Airlines MU5735 ұшағы апатынан кейін партияның Орталық Комитеті бұған үлкен мән беріп, Бас хатшы Си Цзиньпин дереу маңызды тапсырмалар беріп, төтенше жағдай механизмін тез арада іске қосу, іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға күш салу, зардаптардың салдарын толық жою, себебін мүмкіндігінше тезірек анықтау және зардап шеккендердің отбасындағыларды қолдау мен оларға қызмет көрсетуді мұқият атқару қажеттігін атап көрсетті.

Барлық тиісті тараптар тез әрекет етіп, азаматтық авиацияны, төтенше жағдайларға төтеп беру орталығын, қоғамдық қауіпсіздікті, әскерилерді, дәрігерлерді ұйымдастырып, сондай-ақ Гуанси өлкесіндегі және басқа өңірлердегі күштерді қатыстырып, барлық аспектілерде шұғыл әрекетке көшті. Қазіргі уақытта апаттың салдарын жою, тексеру және басқа да жұмыстар тәртіппен жүргізілуде.

Отырыста апаттың салдарынан 132 адамның қаза болғаны қабырғаны қайыстыратын аса қайғылы оқиға екені атап өтілді. Терең және мұқият түрде қайғылы апаттың соңғы жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып, қаза тапқандардың сүйегін және жеке заттарын тапсыру жұмыстанын жалғастыру қажеттігі айтылды.

Отырыста барлық мүдделі тараптар апатты зерттеуді ғылыми және жүйелі түрде жүргізіп, ұшақ деректері мен түрлі заттай дәлелдемелерді жан-жақты сараптау үшін түрлі сала мамандарын ұйымдастырып, апаттың себебі мен сипатын тез арада анықтауы керектігі баса айтылды.

Жиында жалпы даму мен қауіпсіздікті ұстанып, барлық аспектілерден терең сабақ алып, бүкіл ел бойынша өндіріс қауіпсіздігіне арнайы тексеру жүргізіп, жасырын қауып-қатерлерді жан-жақты зерттеп, жою қажеттігі ерекше айтылды. Міндеттерді орындамау, тиісті шараларды қолданбау немесе тексеру мен түзетудің салғырттығынан жазатайым оқиға орын алса, тек тікелей жауапты қызметкерлер ғана емес, тиісті басшылар да қатаң жауапқа тартылатыны атап көрсетілді. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото