Си Цзиньпин қазіргі жағдайдағы Украина дағдарысын шешуге қатысты пікірін білдірді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 сәуір
Си Цзиньпин қазіргі жағдайдағы Украина дағдарысын шешуге қатысты пікірін білдірді

2 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 1 сәуір күні кешке ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңде Еуропалық кеңес төрағасы Ш.Мишель және Еуропалық комиссияның төрағасы фон дер Лейенмен бейнебаян арқылы кездесті. Кездесуде Си Цзиньпин қазіргі жағдайдағы Украина дағдарысын шешуге қатысты бірнеше пікір айтты:

Біріншіден, бейбітшілікке көндіруде және келіссөздерді алға жылжытуда табандылық көрсету. Қытай тарапы еуропалық тараптың Украина мәселесін саяси жолмен шешуге бағытталған талпыныстарын қолдайды және бейбітшілікке уағдаласу мен келіссөздерді ілгерілету рөлін өзінше атқарып келеді. Бейбіт келіссөздер - шиеленістің өршуіне жол бермеудің бірден-бір тиімді жолы. Халықаралық қауымдастық отқа май құйып, қайшылықтарды күшейтпей, Ресей-Украина келіссөздер үдерісі үшін қалыпты жағдай мен қолайлы орта орнықтырып, саяси реттеуге кеңістік ашуды жалғастыруы керек.

Екіншіден, үлкен гуманитарлық дағдарыстың алдын алу. Қытай Украинадағы гуманитарлық жағдайға қатысты алты тармақтан тұратын бастама көтеріп, Украинаға шұғыл гуманитарлық көмек пен көпшілік босқындарды қабылдаған Еуропа елдеріне қажетті заттардың бірнеше тобын жеткізді. Қытай тарабы ауқымды гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін еуропалық тараппен байланысын жалғастыруға дайын.

Үшіншіден, Еуропа мен Еуразия құрлығында тұрақты бейбітшілік орнату. Украина дағдарысының түпкі себебі Еуропада ұзақ уақыт қордаланған аймақтық қауіпсіздік қақтығыстарында жатыр. Негізгі шешім мүдделі тараптардың заңды қауіпсіздік мәселелерін қанағаттандыру болып табылады. Заманның дамуы мен «қырғи-қабақ соғыс» салдарын жаһандық және аймақтық қауіпсіздік жүйесін құру үшін пайдалану мүмкін емес. Қытай Еуропаның, әсіресе Еуропалық Одақтың жетекші рөл атқаруын қолдайды, Еуропа, Ресей, Америка Құрама Штаттары және НАТО арасында диалог ашып, жылдар бойы жинақталған қайшылықтарға төтеп беріп, мәселелердің шешімін табуды және теңгерімді, тиімді әрі тұрақты еуропалық қауіпсіздік негізін құруды ілгерлетуді қолдайды.

Төртіншіден, жергілікті қақтығыстардың кеңеюіне жол бермеу. Украина дағдарысын дұрыс шешу керек, Алайда бейберекет шешімдерге жүгінбей, өз кеңістігін құрып, қалғандарынан сырт айналуға және бүкіл әлемді бұл мәселеге байлап, осы жолда құрбан етуге жол бермеу қажет. Осындай қысыл-таяң кезде байсалды болуымыз керек. Қазіргі әлемдік шаруашылық дүние жүзіндегі барлық елдердің ұзақ мерзімді күш-жігерімен қалыптасатын құрылым және органикалық тұтастық болып табылады. Барлық тараптар осы нәтижені қадірлеу керек. Әлемдік экономикалық жүйені негізсіз бұзбай, әлемдік қаржы, сауда, энергетика, ғылым мен технология, азық-түлік, өнеркәсіп пен тасымалдау салаларында күрделі дағдарыстар тудыратын әлемдік экономиканы саясаттандыруға, жабдықтауға және қаруландыруға болмайды. Әлем халқы қазіргі жағдай халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың ұзақ жылдардағы жетістіктерін бір күнде жоғалтуы мүмкін деп қатты алаңдауда. Жағдай одан әрі нашарлай берсе, кейін қалпына келтіру үшін жылдар, ондаған жылдар, тіпті одан да көп уақыт қажет болуы мүмкін. Қытай мен Еуроодақ жағдайды реттеуге және дағдарыстың таралуына жол бермеуге, атап айтқанда, әлемдік экономикалық жүйенің, ережелер мен негіздің тұрақтылығын сақтап, халықтың сенімін арттыруы керек. Бұл тұрғыда екі тарап өзара үйлесіп, ынтымақтаса алады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото