АҚШ санкциялар қоршауын бастап, бөліну мен текетіресті күшейтті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 сәуір
АҚШ санкциялар қоршауын бастап, бөліну мен текетіресті күшейтті

2 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Ресей Президенті Владимир Путин 21 ақпанда Украинаның шығысындағы «Донецк халық республикасы» мен «Луганск халық республикасын» мойындағанын жариялағаннан бастап, Еуропа мен АҚШ сияқты елдер «санкция таяғын» көтеріп, Ресейге қарсы жан-жақты санкциялық қоршауды бастады.

Бірқатар санкцияларды жүзеге асырғаннан кейін, соның ішінде кейбір Батыс елдеріндегі ресейлік компаниялардың қаражатын бұғаттап, ресейлік компанияларға АҚШ доллары сияқты негізгі валюталарды халықаралық саудада пайдалануды шектегеннен кейін, Батыс елдері тіпті санкциялар тізіміне ресейлік мысықтар мен иттерді де енгізді.

Бұған дейін Халықаралық мысықтар федерациясы Ресейге қарсы санкция жариялап, түрлі елдердегі филиалдарын Ресейде өсірілетін мысықтарды әкелуді тоқтатуға шақырып, Ресеймен байланысы бар ұйымдарға олардың ұйымдастыратын көрмелері мен байқауларына қатысуға тыйым салған болатын. Ал ресейлік иттер 10-13 наурыз аралығында Ұлыбританияда өткен ең үлкен иттер көрмесіне - Круфтсқа қатыса алмаған еді.

Санкциялар ешқашан мәселені шешудің негізгі және тиімді жолы болған емес. Санкция таяғын бұлғау бейбітшілік пен қауіпсіздік әкелмейді, керісінше, бөліну мен текетіресті одан әрі ушықтырады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото