Отқа май құйып алып, жауапкершілікті басқаларға итеру ұят

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 сәуір

2 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Украина мәселесінде әрқашан объективті және бейтарап әрекет етіп, мәселенің мәніне қарай тәуелсіз үкім шығарып, бейбітшілікке көндіру мен келіссөздерді ілгерілетуде сындарлы рөл атқарды.

Дегенмен, тиісті тараптар Қытайға бірнеше рет негізсіз айып тақты. Олар: АҚШ пен басқа елдер Қытай қақтығысты шешу үшін нақты шаралар қолданбады; ұстанымдары батыстың Ресейге қарсы санкцияларымен сәйкесе қоймады. Кейбір американдық сараптама орталықтары Қытайдың теңгерімділік стратегиясы конструктивті емес деп санайды...

Басқаларды кінәлағанда, біз АҚШ-қа алдымен өзіне сұрақ қоюға кеңес береміз. НАТО-ның шығысқа қарай қатарынан бес рет кеңеюіне кім ықпал етті? Шиеленісті күрделендіріп, жағдайдың бақылаудан шығып кетуіне кім себепкер? Украина мәселесінде АҚШ жазықсыз бақылаушы емес. Отқа май құйған адамның басқаларды өртті тиімді сөндірмеді деп айыптауы жауапсыздық әрі ұят екені даусыз.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото