Биологиялық лаборатория күмәнді фактілерді қашанғы жасырып, бұрмалайды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 сәуір

2 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 7 наурызда Ресей Қорғаныс министрлігі Украинада тәркіленген құжаттарды жариялап, АҚШ Украинадағы 30-дан астам биологиялық зертханаларды бақылайтынын және бұл зертханалар 24 ақпаннан бастап биологиялық реагенттерді толығымен жою туралы бұйрық алғанын айтты.

АҚШ Ресейді «жалған ақпарат таратты» деп айыптады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Жен Псаки Америка Құрама Штаттарының еш жерде биологиялық немесе химиялық қару әзірлемегенін және иелік етпегенін жеткізді. Дегенмен, АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуланд Украинада «биологиялық зерттеу нысандары» бар екенін және АҚШ тарапы сол «зерттеу материалдарының» ресейлік әскерилер қолына түсіп кетуіне жол бермеу үшін украиналық тараппен ынтымақтасқанын мойындады.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы мен Мемлекеттік хатшы орынбасарының қайсысы өтірік айтып отыр? Фактілер үнемі ашылып отырса да, АҚШ «жалған ақпарат» дегенінен жазбауға тырысуда. Бұл шын мәнінде ешкімді иландырмайды. Егер АҚШ өзінің кінәсіздігін дәлелдегісі келсе, халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығына жауап ретінде шанайы әрекет етіп, өзінің биологиялық әскери әрекеттерін толығымен түсіндіруі керек.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото