Шыңжаңдағы Лопнұр көлінде «тұз гүл» бүр жарды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 сәуір

2 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Көктем келіп, гүлдер ашыла бастады. Шыңжаңның Чарқылық ауданында орналасқан Лопнұр көлінде «тұзды гүлдер» жарыса ашылып, мөлдір су бетіндегі аппақ тұз гүлдер күн нұрымен шағылысып, тамаша көрініс қалыптасты.

Лопнұр көлі Шыңжаңдағы Тарым ойпатының шығыс бөлігінде, Қытайдағы ең үлкен Такламакан шөлінің шығыс шетінде орналасқан. Ол биіктігі шамамен 780 метр болатын әлемдегі әйгілі құрғақ аймақ болып табылады. Пішіні адамның құлағы тәрізді болғандықтан, ол «жер құлағы» деп аталады және «өлім теңізі» атауымен де танымал.

Шыңжаңның Чарқылық ауданы табиғи ресурстар бюросының тау-кен ісі құқығын басқару бөлімінің меңгерушісі «Лопнұрда жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 20 мм, жылдық максималды булану 4429 мм, жылдық орташа температура 13,2 градус, ең жоғары температура 46,4℃, ал жер бетінің ең жоғарғы температурасы 60℃-қа жетеді. Сондықтан көлде сор су пайда болады. Климат, температура және маусымдық алмасу ықпалымен біртіндеп сор су кристалға айналады. Лопнұрдың қу медиен даласында тек «тұз гүлдері» ғана жайқалып тұрады», - деді.

Мәліметтерге сәйкес, тұз гүл тұзды көлде тұз қатқанда түзілетін кристалдың атауы. Кристалдану процесінде сор судың қоюлығы, қатқан уақыты, құрамы ұқсамайтындықтан, тұз гүлдердің пішіні де алуан түрлі болады екен.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото