Қытай АҚШ-тың Тайваньға қару сатуына үзілді-кесілді қарсы

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 сәуір

7 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь 6 сәуір күнгі кезекті баспасөз мәслихатында: «Қытай Америка Құрама Штаттарының Қытайдың Тайвань аумағына қару-жарақ сатуына үзілді-кесілді қарсы және өзінің егемендігі мен қауіпсіздік мүдделерін табанды түрде қорғау үшін қатаң шараларды жалғастырады»,-деді.

Мәліметтерге сәйкес, 5 сәуірде АҚШ Қорғаныс қауіпсіздігі бойынша ынтымақтастық агенттігі АҚШ Мемлекеттік департаменті «Тайбэйдің АҚШ-тағы Жазбалар кеңсесіне жалпы сомасы 95 миллион доллар болатын әскери технологиялар мен тиісті жабдықтарды сатуға рұқсат бергенін жариялады. Ол негізінен Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі үшін тиісті оқытуды, жоспарлауды, орналастыруды, пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, қолдауды және басқа да тиісті жабдықты қамтамасыз етуді қамтиды.

Тиісті сұрақтарға жауап берген Чжао Лицзянь: «АҚШ-тың Қытайдың Тайвань аумағына қару-жарақ сатуы «Бір Қытай» қағидасы мен «Үш қытай-американ бірлескен коммюникесіне», әсіресе «17 тамыздағы» коммюникеге ауыр қиғаштық жасап, Қытай-АҚШ қарым-қатынастары мен Тайвань бұғазының бейбіт және тұрақтылық жағдайына елеулі нұқсан келтірді. Қытай бұған үзілді-кесілді қарсы болады және қатаң айыптайды»,-деді.

«АҚШ тарапы бір Қытай принципі мен үш қытай-американ бірлескен коммюникелерін ұстанып, Тайваньға жоғарыда аталған қару-жарақ сату жоспарынан бас тартуы, Тайваньға қару-жарақ сатуды және АҚШ пен Тайвань арасындағы әскери байланыстарды тоқтатуы керек. Қытай өз егемендігі мен қауіпсіздік мүдделерін нық қорғау үшін батыл және қатаң шаралар қабылдауды жалғастырады», - деді Чжао Лицзянь.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото