Америка Құрама Штаттарына, Ұлыбританияға және Австралияға аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа ықпал ететін істерді көбірек атқаруға кеңес береміз

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 сәуір

7 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь 6 сәуір күнгі кезекті баспасөз мәслихатында Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және Австралияның үш жақты қауіпсіздік серіктестігі аясында гипердыбыстық қару жасау туралы соңғы мәлімдемесіне жауап ретінде: «Америка Құрама Штаттарының, Ұлыбританияның және Австралияның тиісті тәжірибелері ядролық қарудың таралу қауіпін арттырды және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қарулану бәсекесін күшейтеді. АҚШ, Ұлыбритания және Австралияға «қырғи-қабақ соғыс» менталитеті мен нөлдік қосынды ойынынан бас тартуға және аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа ықпал ететін игі істерді көбірек жасауға кеңес береміз»,-деді.

Чжао Лицзянь: «АҚШ, Ұлыбритания және Австралия Украина дағдарысын сылтауратып, Азия-Тынық мұхиты аймағының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтауды желеу етіп, Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның Австралияны атомдық суасты қайықтарымен қамтамасыз ететіні, ал АҚШ, Ұлыбритания және Австралия гипер дыбыстық қару сияқты озық әскери технологияларды жасауда ынтымақтасатыны жайлы әлемге жар салды. Бұл ядролық қарудың таралу қауіпін арттырып, халықаралық ядролық қаруды шектеу режиміне әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қарулану бәсекесін күшейтіп, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа нұқсан келтіреді. Азия-Тынық мұхиты елдері бұл мәселеде аса қырағы болуы керек»,-деді.

Чжао Лицзянь: «АҚШ-Ұлыбритания-Австралия үш жақты қауіпсіздік серіктестігі «ағылшын-саксондық» шағын шеңбер болып табылады, мұндай шеңбер «қырғи-қабақ соғыс» менталитетін және блок саясатындағы ескі жүйеден, әскери қақтығыстарды тудыратын ескі әдеттен, отқа май құятын ескі салттан қағыс қалған емес. Олардың түпкі мақсаты – АҚШ-тың гегемониясын сақтаудың пайдакүнемдік мүдделеріне қызмет ететін «НАТО-ның» Азия-Тынық мұхиты нұсқасын жасау. Азия-Тынық мұхиты елдері, әрине, бұған үзілді-кесілді қарсы»,-деді.

«Біз Америка Құрама Штаттарына, Ұлыбританияға және Австралияға Азия-Тынық мұхиты елдерінің бейбітшілікке, дамуға, ынтымақтастыққа және жеңіске жетуге деген ұмтылысына назар аударып, «қырғи-қабақ соғыс» менталитетінен және нөлдік қосынды ойындарынан бас тартуға, халықаралық міндеттемелерді адал орындауға, және аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа ықпал ететін істерді көбірек жасауға кеңес береміз»,- деді Чжао Лицзянь.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото