Қытайдың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Чжан Цзюнь: «Буча оқиғасының» тиісті жағдайлары мен нақты себептерін анықтау керек

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 сәуір

7 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- жергілікті уақыт бойынша 5 сәуірде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украина мәселесін талқылады. Қытайдың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Чжан Цзюнь: «Украинадағы жағдайдың шиеленісуін азайтуға және тез арада қақтығысты басып, соғысты тоқтатуға жәрдемдесу - халықаралық қауымдастықтың көкейтесті үміті және Қытай жағының нақты тілегі. Халықаралық қауымдастық екі жақтың келіссөздері үшін қолайлы жағдай мен орта жасап, саяси реттеу үшін кеңістік ашуы керек. Кедергілер жасамау керек және қарсылықты арттыруға болмайды, отқа май құйып, қақтығыстарды күшейтуге тіпті де жол жоқ. Біз жергілікті қақтығыстардың өршуіне жол бермеу үшін бар күшімізді салуымыз керек,»-деді.

Чжан Цзюнь сөзін сабақтай келе, халықаралық гуманитарлық құқыққа сәйкес, қарулы қақтығыстарда бейбіт тұрғындар зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғалуы керек, бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдар қабылданбайды және болмауы керек деп атап көрсетті. «Буча қалашығындағы бейбіт тұрғындардың өлімі туралы хабарламалар мен суреттер адамды алаңдатады. Оқиғаның мән-жайы мен нақты себептерін анықтау керек. Кез келген айыптау фактілер негізделуі тиіс, барлық тараптар ұстамдылық танытып, қорытынды шығарылғанға дейін негізсіз айыптаулардан аулақ болуы керек»,-деді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото