ҚХР Сыртқы істер министрлігі: Тайвань мен Украина мәселелерін қатар қойып салыстыру - отпен ойнау

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 сәуір

8 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь 7 сәуір күні тиісті сұрақтарға жауап кезінде, Америка Құрама Штаттары мен Тайвань бір-бірімен астасып жатқандығын, тіпті кейбіреулер Тайвань мен Украина сияқты бір-бірінен түбегейлі басқа екі мәселені әдейі салыстыру арқылы жұртшылықты шатастырып, «біреу тойға айланғанда, біреу қойға айланыпты»-ны жасамақшы болғанын, ал мұның отпен ойнау екенін, отпен ойнағандар міндетті түрде өзі күйетінін ескертті.

Сол күнгі кезекті баспасөз мәслихатында тілші былай деп сұрады: «Хабарларға қарағанда, 6 сәуірде АҚШ-тың қаржы министрі Йеллен Қытай құрлығы Тайваньға «агрессия» жасаса, АҚШ-тың Ресейдің Украинаға жасаған шабуылына қарсы санкциялар сияқты әрекеттерді қабылдауға мүмкіндігі мен жігері бар. Сол күні АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Шерман Қытай Ресей-Украина қақтығысына Батыстың келісілген жауабынан сабақ алуы керек, яғни Тайваньды күшпен алудың кез келген әрекеті қабылданбайды деп мәлімдеді. Бұл туралы Қытайдың пікірі қандай»?

Чжао Лицзянь: «Дүние жүзінде бір ғана Қытай бар екенін, ал Тайвань Қытай территориясының ажырамас бөлігі болып табылатынын айтты. Тайвань мәселесі Қытайдағы азаматтық соғыстың мұрасы. Тайвань мәселесін қалай шешу Қытайдың ішкі ісі, ешбір шет мемлекеттің араласуға құқығы жоқ»,-деді.

Ол Қытай халқының егемендік пен аумақтық тұтастықты қорғаудағы ерік-жігері мызғымас екенін баса айтты. «Біз барынша шынайылықпен және неғұрлым құлшыныспен бейбіт жолмен қайта қосылу перспективасына ұмтылуға дайынбыз, бірақ сыртқы күштердің араласуын және аз санды «Тайвань тәуелсіздігі» сепаратистері мен олардың сепаратистік әрекеттерін нысанаға алып, барлық қажетті шараларды қабылдау мүмкіндігін де сақтап отырамыз»,-деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы.

Чжао Лицзянь: «Тайвань бұғазындағы қазіргі жағдай шиеленістің жаңа кезеңімен бетпе-бет келіп отыр. Оның түпкі себебі Тайвань билігі «тәуелсіздікке ұмтылу үшін Америка Құрама Штаттарына арқа сүйеуге» бірнеше рет әрекеттенді, ал Америка Құрама Штаттарындағы кейбір адамдардың ниеті - «Тайваньды пайдаланып Қытайға кедергілік жасау». Америка Құрама Штаттары мен Тайваньның бір-бірімен тіл табысуы және кейбір адамдар Тайвань мен Украинаның екі түбегейлі мәселесін әдейі салыстырып, жұртшылықты шатастыруы, дүрмекті пайдаланып қалуға тырысуы- бұл отпен ойнаумен бірдей, ал Отпен ойнағандар міндетті түрде өзі күйеді»,-деді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото